АЩЫБҦЛАҚ (Ащыбулак) – а., Маңғыстау ауданы, б., Қарақия ауданы. Атау ащы
(сын есім) және бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «суы ащы
бҧлақ», «ащы сулы бҧлағы бар ауыл».
АЩЫЕГІЗ– қ., Маңғыстау ауданы. Суы ащы қҧдық, қасында тҧщы сулы қҧдық та
болған. Осыған байланысты біреуі Ащыегіз, екіншісі Тҧщыегіз аталып кеткен.
АЩЫЕСПЕ (Ащыеспе) – қ., тереңдігі – 1м., қыс., Маңғыстау ауданы. Атау ащы (сын
есім) және еспе (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «суы ащы тайыз
қҧдық».
АЩЫЕРБАСАН (Ащыербасан) – қ., Қарақия ауданы. Атау ащы (сын есім), ер (жер,
зат есім) және басан (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Ер (оғыз тілінде) – жер
деген сӛз. Ал басан, бас етістігінен –ан (-ған) жҧрнағының жалғануы арқылы жасалған
туынды етістік. Атаудың мағынасы: «жердің астынан шыққан ащы су». АЩЫКӚЛТАБАН (Ащыкольтабан) – қ., Бейнеу ауданы. Атау ащы (сын есім), кӛл
(зат есім) және табан (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Мағынасы: «кӛктемде
су жиналатын, жазда кеуіп қалатын ойыстағы ащы сулы қҧдық».
АЩЫҚАРА (Ащыкара) – тҧз. ӛ., Тҥпқараған ауданы. Атау ащы (сын есім) және қара
(сын есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «суы ащы, мол сулы қҧдық».
АЩЫҚҦДЫҚ (Ащыкудык) – а., қ., Маңғыстау ауданы, қ., Мҧнайлы, Тҥпқараған
ауд-да. Атау ащы (сын есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған.
«Суы ащы қҧдық».
АЩЫМҦРЫН (Ащымурын) – мҥй., Тҥпқараған ауданы. Атау ащы (сын есім) және
мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Қазақ халқында ащытерминімен
ӛзен, кӛл бойларындағы сортаңды ойыстарды атайды. Мҧндай ойыстарда тҧз бен
ылғал сҥйгіш ӛсімдіктер ӛседі, мҧндай ӛсімдік жамылғысы мал ҥшін жақсы азық
болып табылады» (К.Каймулдинова, 11) Сонымен атау: «сортаңды шӛпті, қҧмды
дӛңес мҥйіс» мағынасын береді.