ЖАРЫҚҚҦДЫҚ (Жарыккудык) – сор, Бейнеу ауданы, Сам қҧмының батысы мен
оңтҥстігінде. Атау жарық (сын есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Мағынасы: «тар шатқалды, жарылып біткен шың арасындағы ащы қҧдық».
ЖАРЫҚСУ (Жарыксу) – қ., Тҥпқараған ауданы. Атау жарық (сын есім) және су (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жарылып, тілімденген жерден
қазылған қҧдық».
ЖАРЫЛҒАН (Жарылган)– сор, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «аққан сумен
тілімделген сор».
ЖАРЫЛҒАС (Жарылгас) – маз., Маңғыстау ауданы. Этнонекроним. «Шежіре
дерегінде Мҧратҧлы Жарылғас Жарының Бозашыға жерленген алғашқы ҧрпағы
делінеді» (Маңғыстау энциклопедиясы,291). ЖАРЫПТҤСКЕН (Жарыптускен) – шатқ., Маңғыстау ауданы. «Жарылған, екіге
айырылған шатқал».
ЖАСАҒАН (Жасаган) – қон., Маңғыстау ауданы. «Елге қҧтты болған, ескі қоныс»
немесе антропоойконим.
ЖАУЖОЛ (Жаужол) –жол, Маңғыстау ауданы. Атау жау (зат есім) және жол (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шежіреде: «тҥрікмендер хабарсыз жатқан
адайларды бірнеше рет алдап қырып кеткен. Сол тҥрікмен келген жол «Жаужол» деп
аталған» делінеді (А.Меңдалыҧлы, 96). ЖАУКЕН (Жаукен) – қор.,Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ЖАУЫНҚҦДЫҚ (Жауынкудык) – ойыс, Бейнеу ауданы. Атау жауын (зат есім)
және қҧдық (зат есім) сӛздерің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ойдағы жаңбыр
суымен толып отыратын тайыз қҧдық». ЖЕЗДІ (Жезды) – қ., қор., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Мағынасы: «алтын тәрізді сары
тҥсті металл, яғни жездің, жез кенінің мол қоры бар жерінен қазылған қҧдық».
ЖЕЗДІБАС (Жездыбас) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жезді (сын есім) және бас (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жезі бар жерден қазылған сулы
қҧдық».