ЖЕТІҚАҚ (
Жетыкак) – жер аты. Атау жеті (сан есім) және қақ (зат есім) сӛздерінің
бірігуі арқылы жасалған. Қақ – «шӛл жерлердегі шҧқырларда іркіліп қалған жауын-
шашын суы». Мағынасы: «жеті шҧқырда іркіліп жатқан жауын-шашын суы».
ЖЕТІҚЫЗ (Жетыкыз) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау жеті (сан есім) және қыз (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жеті қыратты тӛбе жанындағы
мола» (қараңыз: ЖАМАНҚЫЗ).
ЖЕТІҚЫЗДЫҢ ТАУЫ (Жетыкыздын тауы) – тау, Маңғыстау ауданы. Мағынасы:
«жеті жалды, жеті қыратты тау».
ЖЕТІТӚБЕ (Жетытобе) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жеті (сан есім) және тӛбе (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жеті тӛбелі
жерден қазылған
қҧдық».
ЖИДЕАҒАШ (Жидеагаш) – қон., Қарақия ауданы. Атау жиде ағашының кӛп ӛсуіне
байланысты қойылған.
ЖИДЕЛІ (Жиделы) – қ., Маңғыстау ауданы; қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «жиде
ағашы кӛп ӛскен жердегі қҧдық, қорым».
Достарыңызбен бөлісу: