аңыз былай ӛрбиді: «Ащыағар сайдың бойында отырған ноғайлы ауылдарын ындыс
қалмақтар шабады. Олар ноғайлылының ақылшысы Орманбетке бізге кӛн
деп талап
қояды. Би кӛнбейді. Қалмақтар оны ӛлтіріп, қалған он бір биді шақыртады. Он бір би
қалмаққа келе жатып, Манашы мырзаның ҥйіне тҥседі, оған бізбен бірге жҥр дейді.
Оларға Манашының шешесі Кҥйкен де ере жҥреді.
Ащыағар сайдың бойындағы
қалмақтарға он бір би: Ҥш кҥнде қайтып келеміз, елді кӛндіріп
келеміз деп,
Манашыны аманатқа тапсырып кетеді. Бірақ қорқақ билер ҥш кҥнде келмей,
ауылдарын жасырып, кӛшіріп әкетеді. Қалмақтар Манашыны кескілеп ӛлтіреді. Оның
кҥйігіне шыдай алмаған анасы Аралтӛбе тауының бір шыңынан ҧшып ӛледі. Содан
бері бҧрынғы Ащыағар сайы «Манашы», Аралтӛбе тауы «Кҥйкенҧшқан»
аталып
келеді» (Ж.Дҥйсенбаева, 59).
КҤЙІКТӚБЕ (Куйиктобе) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау кҥйік (сын есім) және
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ӛртенген, ӛрт шалған
тӛбе немесе қайғы-қасірет әкелген тӛбе» болуы мҥмкін.
КҤНЕС (Кунес) – Маңғыстау ауд-дағы жер. Кҥнеш – Ерсары тайпасының руы
(С.Атаниязов, 1970, 351). Мағынасы: «Кҥнеш руының қонысы».
КҤНИЯ (Куния) – сай, Маңғыстау ауданы. Антропоороним.
КҤРКІРЕУІК (Куркиреуик) – бҧлақтар,
Маңғыстау ауд-ы, Жармыш ауыл оңт-
шығысында. Аққанда кҥркіреп дыбыс шығаруына байланысты аталған.
КҤШ (Куш) – мола, тау аңғ., абс. биіктігі 322 м. Маңғыстау ауданы. Э.Мурзаев:
«коми тілінде кҥш – «ашық», «жалаң», «ӛсімдіксіз дала» деген мағынаға ие сӛз» - деп
кӛрсетеді (Мурзаев, 1984, 325). Ал тҥркі тілінде:
куч – «қоныс, уақытша қоныс» деген
мағынасы кездеседі. Соған байланысты атаудың мағынасы: «шӛбі аз,
уақытша ел
отыратын тау аңғары» болуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: