Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет169/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ОРТАША (Орташа) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «екі ортадағы кішкене 
қҧдық». 
ОРЫНДЫҚ (Орындык) – қор., Бейнеу ауданы. Орын деп – «бҧрын су жҥрген 
арналарды айтады. Мағынасы: «қҧрғақ арнаның табанындағы қорым». 
ОРЫС (Орыс) – қор., Қарақия ауданы. Халық атынан қойылған. Мағынасы: «орыс 
халқының ӛкілдері жерленген қорым». 
ОТАЙБЕРГЕН (Отайберген) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ОТАЛҒАН (Оталган) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «шӛбі жоқ шатқал». 
ОТАР (Отар) – қ., Бейнеу ауданы. Бҧл сӛздің этимологиясын Э.В.Севортян: «от 
«шӛп»+ а – шӛпті ота + р етістіктен зат есім тудыратын жҧрнақ, сӛздің мағынасын:
«жайылым, ӛріс, ауылдан жырақтағы мал жайылатын жер», – деп кӛрсетеді 
(Э.В.Севортян, 1974, 488). Сонымен қатар В.В.Радлов та мҧндағы «от» тҥбірінің тҥркі 
тілдеріндегі бір мағынасы «шӛп, ӛсімдік» екенін айтады (Радлов, том 1., часть 2, 1100-
1106). Сонда атау: «жайылым, ӛріс, ауылдан жырақтағы мал жайылатын жердегі 
қҧдық» деген мағынаға толық сәйкес келеді. 
ОТАРБАЙ (Отарбай) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ОТАР САЛПЫ (Отарсалпы)  – қ., Маңғыстау ауданы. Атаудың мағынасы: «ӛрістегі 
суы ӛте аз қҧдық». 
ОТПАН (Отпан) – тау, Маңғыстау ауданы. Басында 2007 ж. «Отпантау» тарихи-
мәдени кешен, кесене ашылды. Атау от (зат есім) және пан (зат есім) сӛздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. Ақын С.Нҧржан: «От-пан (Ман) деген сӛздің бір мағынасы – 
«Тәңірлік От», бір мағынасы – «От–адам», – дейді (С.Нҧржан, 14). Ал біздің 
пікірімізше, пан/ман – ҥндіеуропалық «тау» деген сӛз (қараңыз: МАНҒЫСТАУ). 
Мағынасы: «от тауы». Жаугершілік заманда ҧран оты жағылатын тау болған. Атау осы 
мағынаға толық сәйкес келеді. 
ОТЫНШЫ (Отыншы) – қ., мола, тӛбе, Маңғыстау, Қарақия ауд-да.
Антропогидроним. 
Ӛ 
 
ӚГІЗ (Огиз) – қ., Маңғыстау ауданы. Т.Жанҧзақов: «ӛгіз – кӛнетҥркі тілінде «ӛзен», 
«су» мәнін білдіретін сӛз болған», – дейді (Т.Жанҧзақ, 2007, 66). Бҧл пікірді 
Э.Мурзаев нақтылай тҥседі: «Негізінен, окуз сӛзі «ағып жатқан су» мағынасын береді» 
(Э.Мурзаев, 1974, 195). Сонымен Ӛгіз атауы – «ағынды сулы қҧдық» мағынасын 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет