Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет226/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ШИРАҚСУ (Шираксу) – қ., Тҥпқараған ауданы. Атау ширақ (сын есім) және су (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тез толатын, ағатын су». 
ШИФЕРЛІ (Шиферлы) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Атау шифер (зат есім) + лі 
(бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының 
қосылуы арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥйдің немесе қора тӛбесі шифрмен жабылған 
қыстау». 
ШОҒЫ (Шогы) – қон., Бейнеу ауданы. Геноойконим. Шоғы (Қырықмылтық) – 
Адайдың Келімбердісінен туған Мҧңалдан ӛрбиді. Шоғы руының қонысы. 
ШОҚАЙ (Шокай) – б., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «биіктен аққан бҧлақ». 
ШОҚАН (Шокан) – қон., Маңғыстау ауданы. Иран тілінде шухон «қҧз, жартас» деген 
мән береді (А.З.Розенфельд, 52). Мағынасы: «жартасты қоныс». 
ШОҚЫБҦҒАЗ (Шокыбугаз) – шатқ., Бейнеу ауданы. Атау шоқы (зат есім) және 
бҧғаз (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік жоталы шатқал». 
ШОҚЫРАҚТАУ (Шокырактау) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау шоқырақ (сын есім) 
және тау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кедір-бҧдыр, 
ойлы-қырлы тау». 
ШОЛАБАЙ (Шолабай) – қ., қау., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ШОЛАҚ (Шолак) – қ., Маңғыстау ауданы. Геногидроним. Адай атадан Жеменей
одан – Жомарт, одан – Қожамсҥгір (Шолақ) тараған. Шолақ руының қҧдығы. 
ШОЛАҚБАТЫР (Шолакбатыр) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
Шолақ – С.Қондыбайдың дерегі бойынша, қазақтарға белгісіз, тҥрікменнің абдал 
руынан шыққан батыр. Е.Ӛмірбаев 1963 жылы тҥрікменстандық ҧрпақтарының 
басына келіп, тҥнеп, зиярат етіп кеткендігін жазады» (Шалабаев және т.б., 48). 


ШОЛАҚҚАЗҒАН (Шолакказган) – қ., Қарақия ауданы. Атау Шолақ (зат есім) және 
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Шолақ руының адамы 
қазған қҧдық» (қараңыз: ШОЛАҚ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет