ҚАНДЫҚЫСТАУ (Кандыкыстау) – қон., Тҥпқараған ауданы. Атау қанды (сын
есім) және қыстау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сулы,
бҧлақты қыстау» (қараңыз: ҚАНДЫБАС).
ҚАНҚҦМ (Канкум) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау қан (зат есім) және қҧм (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы мол қҧмды шатқал»
(қараңыз: ҚАНДЫБАС).
ҚАНСУ (Кансу) – су кӛзі, Қарақия ауданы. Мағынасы: «бҧлақ суы».
ҚАНШЫМТҦРАН (Каншымтуран) – тҧран, Маңғыстау ауданы. Атау қан (зат есім),
шым (зат есім) және тҧран (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қан – «бҧлақ,
арна, қайнар, бастау» мәніндегі сӛз. Шым – «кӛпжылдық шӛптер басқан жердің беткі
қабаты» не «кӛгал жер», тҧран – «асты тастақты, қар, жаңбыр суы кӛп
жиналатын
табиғи су қоймасын» айтады (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 212). Сонда атаудың мағынасы:
«бҧлақ суымен толығып отыратын шым топырақты су қоймасы».
ҚАҢБАҚСАЙ (Канбаксай) – аңғар. Қарақия ауданы. Қаңбақ – алабҧта тҧқымдасына
жататын дала ӛсімдігі. Атаудың мағынасы: «қаңбақ қалың ӛскен сай».
Достарыңызбен бөлісу: