ҚАМЫРАН (Камыран) – жер аты. Азербайжан топонимиясында комур – «тау
басындағы тар, жыралы жер» (Э.К.Мехралиев, 80), ан – «орын, ауыл».
ҚАМЫСБАЙ ҚОРЫМЫ (Камысбай корымы) – қау., Маңғыстау ауданы.
Антропонекроним. Алғашқы Қамысбай Тӛлекеҧлының зираты салынуымен
байланысты аталған. «Ертеректе Қамысбай Тӛлекеҧлы дейтін дәулетті адам ел
жайлауға шыға, кӛш-жӛнекей дҥние салыпты. Руластары ел ішінде ҥлкен бделді
адамды сонау артта қалған ата қауымға – марқҧмның бабалары жатқан зиратқа
жерлегенді жӛн кӛреді. Ӛлік артқан қаралы кӛш ізінше кейін бҧрылады. Шілденің
ыстығына шыдай алмаған мҥрде жол-жӛнекей бҧзыла бастайды. Қаралы кӛш қазіргі
зират тҧрған қара жонға кідіруге мәжбҥр болады. Ӛлік сонда жерленеді. Сол кҥннен
бастап әлгі жон Қамысбай атанып кетеді (Ә.Кекілбайҧлы, 7 том, 300).
ҚАМЫСҚҦДЫҚ (Камыскудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қамыс (зат есім) және
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қамыс – астық тҧқымдасына
жататын кӛп жылдық шӛптесін ӛсімдік. Мағынасы: «қамысты жердегі қҧдық».
ҚАМЫСТЫ (Камысты) – қапы, тау, Маңғыстау, Қарақия ауд-да. Мағынасы: «қамыс
қалың ӛскен тау, тау аңғары».
ҚАМЫСТЫ-КЕЛЕҢДІ (Камысты-Келенды) – сулы сай. Оңтҥстік Ҥстіртте. Ну
қамыс ӛсетін табанының біраз жері қорысты-батпақты болып келетіне орай солай
аталған (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 360).
ҚАМЫСТЫСАЙ (Камыстысай) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қамысты (сын есім) және
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қамыс қалың ӛскен
сайдағы қҧдық».
ҚАМЫСШОҚЫ (Камысшокы) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау қамыс (зат есім)
және шоқы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қамыс қалың
ӛскен шоқы, аласа тау».
ҚАМЫСШЫҢЫРАУ (Камысшынырау) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «қамыс
қалың ӛскен жердегі терең қҧдық».
ҚАНАБАЙ (Канабай) – қ., тӛбе, абс. биіктігі 258м. Қарақия ауданы.
Антропогидроним.
Достарыңызбен бөлісу: |