САМАЛ (Самал) – дем. орны, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «жанға жайлы, қоңыр
салқын желді жердегі демалыс орны».
САМ ҚҦМЫ (Сам кумы) – қҧмды алқап, Бейнеу ауданы, Солт. Ҥстіртте. Атау Сам
(зат есім) және қҧмы (зат есім) сӛздерінің тіркесуінен жасалған (қараңыз: САМ).
САНАЗАРАУЛИЕ (Саназараулие) – киелі
ор.,
Тҥпқараған
ауданы.
Антропонекроним. Адайдың Әлі-Жаңай руынан шыққан, шамасы 1761-1852 -
жылдарда ӛмір сҥрген кісі делініп жҥр. Саназар мен екі бақсының сҥйегі сынған
баланың сынығын салуда әруақ шақырып сынасқаны туралы аңыз бар (С.Қондыбаев,
2000, 40).
САНДЫҚ (Сандык) – қ., Маңғыстау ауданы. «Ҥсті тегіс, текшеленіп біткен таспен
шегенделген қҧдық».
САҢЫРАУШОПАН (Саныраушопан) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
«Саңырау ишан – мешіт ашып, ҧзақ жылдар шәкірттерге дәріс берген. Ӛмір жолында
бірнеше жҥздеген діни қағиданы меңгерген, жастарды тәрбиелеп шығарған, сонымен
қатар емшілікпен де айналысқан әулие адам болған» (М.Нығметуллаев, 2 кітабы, 78-
79). САП-САРЫ (Сап-сары) – қон.,Бейнеу ауданы, Ҥстірттің солт. бӛлігінде. Қоныстың
топырағы мен ӛсімдігінің тҥсіне қарай қойылған атау. САРҒА (Сарга) – а., қор., Бейнеу ауданынан солт.-батысқа қарай 18 км жерде, Каспий
ойпатының шығыс жағындағы Қызылжареспе қонысының шығысында, шӛлді
белдемде орналасқан. Ауыл 2005 жылға дейін Жангелді деп аталып келді. Атау сары
(сын есім) және ға/ғат/қат – қҧз», «жартас», «тау», «биік» ҧғымын беретін кӛне
имитатив тҧлға. Мағынасы: «кең немесе сары бор тҥстес тау, жартасты тауы» бар
ауыл.
САРҒАТ (Саргат) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және ғат (қат)
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қалмақ тілінде хад – «жартас» мәнін береді.
«Мағынасы: «сары тҥсті жартасты шатқал».
САРЖА (Саржа) – мҥй., Қарақия ауданы. Этноороним. Тҥрікмен этнонимдерін
зерттеген С.Атанниязовта: «Сарыжа – алили, дюеджи, сарык, теке және ерсары
тайпаларынан тараған ру. Сары – этноним, -жа – кішірейту мәнін беретін жҧрнақ,
этнонимнің мағынасы: «уақ сары руы», «сары руының бӛлігі» (103). Саржа – «саржа
руының мҥйісі, қонысы» деген мән береді.