Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет179/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

САРЫҚЫЗ (Сарыкыз) – мола, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «жалпақ қырдағы 
мола». 
САРЫНИЯЗ (Сарынияз) – қ., қор., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
САРЫОБА (Сарыоба) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және оба (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «сары тас ҥйілген немесе жалпақ 
тӛбе», «сары тастар ҥйіндісі». 
САРЫОЙ (Сарыой) – қ., шатқал, Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және ой 
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кең, ҥлкен, енді ой». 
САРЫСАЙ (Сарысай) – алқ., Қарақия ауданы. Атау сары (сын есім) және сай (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ҥлкен, кең сай». 
САРЫСУ (Сарысу) – б., Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және су (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Е.Қойшыбаев «сарысу» атауын – «кең су» десе, 
Э.Мурзаев сӛздігінде сарысу: «майлы, сары балшық, сары саз аралас, мӛлдір емес су» 
делінген. Атаудың мағынасы: «сазды, сор жерден қазылған суы ащы бҧлақ».
САРЫТАҒАН (Сарытаган) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және 
таған (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Т.Жанҧзақ: «таған сӛзінің тағ тҧлғасы 
кӛне тҥркі тіліндегі тағ (тау сӛзі) болса, ан морфемасын қосымша деп қараймыз» - 
дейді (Т.Жанҧзақ, 2007, 198). Сонда атаудың мағынасы: «сары тҥсті мергельді тау 
жыныстарынан тҧратын тӛбелі қоныс». 
САРЫТАҚЫР (Сарытакыр) – м., Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және 
тақыр (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «топырағы сары тҥсті 
ӛсімдік ӛспейтін кең шатқал». 
САРЫТАС (Сарытас) – шығ., Тҥпқараған ауданы. Атау сары (сын есім) және тас (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «сол жердегі теңізден табылған 
таңбалы сары тасқа байланысты аталған». 
САРЫТАС ПРИСТАНЫ (Сарытас пристаны) қамал орны, Тҥпқараған ауданы. 
Мағынасы: «сары тасты айлақ (кеме тоқтайтын орын)» (қараңыз: САРЫТАС). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет