ШОЛАҚТАМ (Шолактам) – қ., маз., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Атау шолақ (зат
есім) және там (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Шолақтың
(адам аты) мазары болуы мҥмкін.
ШОЛТАНБҦЛАҚ (Шолтанбулак) – қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «Шолтанның
бҧлағы».
ШОҢ (Шон) – б., киелі ор., Маңғыстау ауданы. Кӛне тҥркі тілінде шоң – «ҥлкен, зор»
деген мән береді, сондай-ақ адам, ру аты болуы да мҥмкін. Сонда атаудың мағынасы:
«ҥлкен бҧлақ немесе Шоңның бҧлағы».
ШОҢАЙ (Шонай) – қ., Маңғыстау ауданы. Геногидроним. Адай атадан Тобыш, одан
– Ораз, одан – Жайық, одан – Әлменбет, одан Шоңай тарайды. Мағынасы: «Шоңай
руының қҧдығы».
ШОПАНАТА (Шопаната) – қ., б., киелі ор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
Шопан ата, аңыз бойынша – Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті болып есептеледі.
ШОРЫМ (Шорым) – мола, қ., тереңдігі – 6 м., Маңғыстау ауданы. Шорым –
тҥрікмен диалектісінде – «тҧзды» деген мағына береді. (С.Атаниязов, 1988, 134).
Э.М.Мурзаев: «тҥрікм., қырғ., азерб. тілдерінде шор – «сор, кепкен тұзды кӛл» деп
жазады (Э.М.Мурзаев, 1984, 630). Сонда Шорым атауы – «ащы сулы құдық» деген
мағына береді.
ШОРЫМҚАПЫ (Шорымкапы) – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау шорым (сын есім)
және қапы (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сортаң, тҧзды
суы бар аңғар».
ШОТАН (Шотан) – қ., қау., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Шотан батырдың
қаздырған қҧдығы. Шотан Назарҧлы (1705-1785) – батыр. Шамамен 1725-30 ж. Есекей
Есенғҧлҧлы, кете Әжібай, беріш Есболай, таз Ақпандар бастаған 60 ҥйдің ішінде
Маңғыстау, Ҥстіртке келіп, тҥрікменнің Қҧтылық Сейіт, Ӛгізше батырларын жекпе-
жекте жеңген. Шотанның батыр атағын шығарған қалмақтармен болған ҧрыстар
(Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 612).
ШОТЫҚБАЙ (Шотыкбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
Достарыңызбен бөлісу: |