ШИРАҚСУ (Шираксу) – қ., Тҥпқараған ауданы. Атау ширақ (сын есім) және су (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тез толатын, ағатын су».
ШИФЕРЛІ (Шиферлы) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Атау шифер (зат есім) + лі
(бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының
қосылуы арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥйдің немесе қора тӛбесі шифрмен жабылған
қыстау».
ШОҒЫ (Шогы)– қон., Бейнеу ауданы. Геноойконим. Шоғы (Қырықмылтық) –
Адайдың Келімбердісінен туған Мҧңалдан ӛрбиді. Шоғы руының қонысы.
ШОҚАЙ (Шокай) – б., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «биіктен аққан бҧлақ».
ШОҚАН (Шокан) – қон., Маңғыстау ауданы. Иран тілінде шухон «қҧз, жартас» деген
мән береді (А.З.Розенфельд,52).Мағынасы: «жартасты қоныс». ШОҚЫБҦҒАЗ (Шокыбугаз) – шатқ., Бейнеу ауданы. Атау шоқы (зат есім) және
бҧғаз (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік жоталы шатқал».
ШОҚЫРАҚТАУ (Шокырактау) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау шоқырақ (сын есім)
және тау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кедір-бҧдыр,
ойлы-қырлы тау».
ШОЛАБАЙ (Шолабай) – қ., қау., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ШОЛАҚ (Шолак) – қ., Маңғыстау ауданы. Геногидроним. Адай атадан Жеменей,
одан – Жомарт, одан – Қожамсҥгір (Шолақ) тараған. Шолақ руының қҧдығы.
ШОЛАҚБАТЫР (Шолакбатыр) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
Шолақ – С.Қондыбайдың дерегі бойынша, қазақтарға белгісіз, тҥрікменнің абдал
руынан шыққан батыр. Е.Ӛмірбаев 1963 жылы тҥрікменстандық ҧрпақтарының
басына келіп, тҥнеп, зиярат етіп кеткендігін жазады» (Шалабаев және т.б., 48).
ШОЛАҚҚАЗҒАН (Шолакказган) – қ., Қарақия ауданы. Атау Шолақ (зат есім) және
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Шолақ руының адамы
қазған қҧдық» (қараңыз: ШОЛАҚ).