Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет3/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

 
 
 
 
Филология ғылымдарының докторы
профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар 
академиясының академигі, 
ҚР Мемлекеттік сыйлығының, 
ҚР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының 
иегері Т.Жанҧзақ


КІРІСПЕ 
 
Еліміздің оңтҥстік–батыс бӛлігінде орналасқан, жер кӛлемі 165,6 мың шаршы км 
Маңғыстау ӛңірі, бҥкіл жер шары кӛлемінде алып қарағанда, Еуразия қҧрылығының 
ортасында, Еуропа мен Азияның тҥйіскен ӛңірінде жатыр.
Ертеден халық аузында «киелі мекен» аталатын бҧл қҧт-берекесі еселей асып, қыдыр 
дарыған қасиетті ӛлке солтҥстік-батысы мен батысында қарт Каспийдің толқынды 
жағалауына тірелсе, оңтҥстігі мен шығысында кӛрші мемлекеттер – Тҥрікменстан мен 
Ӛзбекстан, ал солтҥстік-шығысында еліміздің Ақтӛбе және Атырау облыстарымен 
шектеседі. 
Маңғыстау облысы әкімшілік жағынан екі қалалық мәслихатқа (Ақтау, Жаңаӛзен) 
және бес әкімшілік ауданға (Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Тҥпқараған, Мҧнайлы) 
бӛлінген. Форт-Шевченко ӛзінің мәртебесі жағынан облыстың ҥшінші қаласы болып 
саналады.
Тҥбек жер бедерінің алуан тҥрлілігімен ерекшеленеді. Бҧл ғажайып ӛлке сағымданған 
шыңдар мен тік жарлы қҧрғақ арналарға, кебірсіген тақырлар мен ежелгі әбден мҥжілген 
тауларға, ҧшы-қиырсыз жазықтар мен жайпақ сорларға ӛте бай.
Расында да «Егер сіз жер беті шӛлдерінің барлық типі туралы, қарауытқан сеңгір де 
жалаң тау-тӛбелері туралы, аппақ және қызғылт тҥске боянған алып мҧнаралары, биік 
баған мен қабырғалары бар «шӛлдің тас қамалдары» туралы санаңызда тҥсінік 
қалыптастырғыңыз келсе, куэстер мен шың-қҧздардың классикалық ҥлгілерін кӛргіңіз 
келсе, мҧхит деңгейінен 130 м тӛмен жатқан қҧрылықта, тҧйық ойыстарда болғыңыз 
келсе, айран тақырлардың қатқылдығын байқағыңыз келсе, тҥнерген тастақтарға 
қарағыңыз келсе, желдің ғаламат жҧмысының ауқымын және шӛлдің басқа да 
кереметтерін танып-білгіңіз келсе – Маңғыстаудан артық жерді таппайсыз. Бейне бір 
қҧпия сандықша ішінде толтырылғандай, бҧл ӛлкеде, шағын кеңістікте шӛл табиғатының 
сан алуан қҧбылыстары мен кӛріністері жинақталған», – деп, Маңғыстауды кӛрген, 
зерттеген ғалымдар баға береді. Ӛлкедегі Қарақұм, Құмтӛбе, Шағырлы, Уаққұм, 
Жылымшық, Қоңырорпа, Қызылқұм, Шӛлшағылқұм, Егізлақ, Сам, Матай қҧмды 
массивтері мен Ӛліқолтық, Шӛмішкӛл, Ащытайпақ, Қайдақ, Қаракешу, Қожақсор, 
Жарылған, Үлкенсор, Құмбелексор, Қызансор, Мәстек сорлары, Батыс және Шығыс 
Қаратау, Қаратаушық, Ақтау таулары, Тӛңірекшың, Ӛзен, Қарамандыбас, Қорғанбай, 
Асар, Қарақия, Қауынды, Басғұрлы, Жазғұрлы, Қарынжарық ойыстары, Кӛлбай, 
Жаңылған, Жаманайрақты, Жұбайұшқан, Күйкенұшқан тӛрткілдері, Жыңғылды, 
Ұрыкеуек, Босаға, Сұмса, Қорғансай, Булы Ойық, Ӛтебай ҥңгірлері Маңғыстау тҥбегінің 
жер бедерінің айқын кӛрінісі. 
Облыс кӛлеміндегі осыншама бай да мол жер-су атаулары тарихи әрі мәдени 
мҧрамыздың асыл қоры болып табылады. Кез келген аймақтың топонимиялық жҥйесі 
ғасырлар бойы қалыптасқан: аймақтық табиғат жағдайларын, сол ӛлкені мекендеген 
халықтың кӛне және жаңа тарихын ӛн бойында сақтаған, ҧлттың материалдық және 
рухани мәдениеттерінен кӛрініс бере алатын кӛптеген географиялық атаулар жиынтығы 
болып келеді. 
«Халық тарихы оның тілінде бейнеленеді». «Әрбір атау – тарихи, ал топонимиканы 
тҥгелдей тарихтың айнасы деуге болады. Маңғыстау ӛңірі топонимиялық жҥйесі де 
мыңдаған жылдар ағымында қалыптасты. Біздің жыл санауымызға дейінгі замандарда, 


дәстҥрлі тарих, тілтану ғылымдарында «иран тілді» делініп жҥрген массагеттер мен 
дайлар» олардан кейін аландар мен каспилер, пешенек-қаңлылар, IX-X ғасырларда 
оғыздардың Маңғыстауды қоныстануы, XIII ғ. моңғол ҥстемдігі, XI-XIII ғасырлардағы 
«орта тҥрікмен», XV-XVI ғасырларда қалыптасқан «жаңа тҥрікмен» этносы, ноғайлардың 
XVI-XVII ғасырдың басында Маңғыстауда болуы, XVII ғ. Жоңғар қалмақтарының әсері, 
патшалы Ресейдің отаршылық саясаты т.б. ӛлке топонимдерінде ӛз іздерін қалдырды. 
«Жеті жҧрт келіп, жеті жҧрт кеткен» киелі Маңғыстау топонимдерінің қҧрамында сол 
ӛңірді мекендеген халықтардың шаруашылығымен, тҧрмыс-тіршілігімен, наным-
тҥсінігімен тығыз байланысты, облыс территориясының фаунасы мен флорасына, тарихи-
әлеуметтік жағдайына байланысты кӛне сӛздер мен сӛз тіркестерінің, бҥгінгі тілдегі 
категорияларға ҧқсамайтын тҧлғалардың, дыбыстық ерекшеліктері мен грамматикалық 
кӛрсеткіштердің тарихи сілемдері кездеседі.
Маңғыстау облысы топонимикасының, осындай ӛзіндік ерекшеліктерін ескере 
отырып, тӛмендегідей ҥш лексикалық қабатын кӛрсетуге болады: 
1) жалпытҥркілік қабат; 2) кірме қабат; 3) негізгі тілдік қабат. 
Ал әр қабаттың ҥлес салмағына келетін болсақ, жалпытҥркілік қабат – 13,5%, кірме қабат 
– 17,22%, негізгі тілдік қабат – 69,3% қҧрайды. 
Жалпытҥркілік қабат – Маңғыстау ӛңірі топонимикасының негізгі қабатының бірі. Ол 
кӛнетҥркілік, қазақ, қыпшақ-ноғай, тҥрікмен тілдік қабаттарын қамтиды. Жалпытҥркілік 
қабаттағы атаулар ӛлкені мекен еткен тҥрлі тайпа, ру атауларынан, мағыналары 
кӛмескіленген терминдік мәндегі сӛздерден пайда болған. Ру-тайпа атауларынан 
жасалған топонимдерге: Алаторпа, Бозашы, Егдір, Емір, Кӛгалы, Қарқын, Қызан, Қызық, 
Уа, Шәудір т.б. жатады. Сонымен қатар осы қабатқа мағынасы қазіргі қалпында белгісіз, 
тек кӛнетҥркі тілінде кездесетін атауларды жатқызамыз. Мысалы: Аран, Бекі, Бесӛгіз, 
Доңға, Жазыгүрлі, Базыгүрлі, Иірдің ойы, Кӛгез, Құрық, Тұщықұй, Шебір т.б. Бейнеу 
ауданындағы «Мамай шыңырауы», «Мамай тауы», «Мамай жайлауы» деген топонимдер 
ноғайдың «Алты ауыл ҧлысын» басқарған Мамайдың есіміне, «Қарасай қҧдығы», 
«Қарасай қорығы» Қарасай ханның есіміне байланысты қойылса, Тҥпқараған 
ауданындағы Асан қамалы, Асан құдығы деген атаулар да сол ноғайлардан қалған. Ал 
тҥрікмен тілінен енген: Бұрыншық, Ерсарықайрақ, Сақар, Айрақты, Боржақты, 
Шершелі, Кертті, Бесоқты, Тиген т.б. атаулар кездеседі. 
Кірме қабат иран, араб, моңғол, славьян тілдерінен енген атаулардан тҧрады. Иран
тілінен енген атаулар ең кӛне атауларға жатады. Бҧл қабатқа тән: Аусар, Апажар, 
Бостан, Долыапа, Керіз, Қарлыбас, Қандықыстау, Сеңгір, Шерқала, Шетпе т.б. атаулар 
анықталды. Араб тілінен енген топонимдер негізінен, діни ҧғымды білдіретін атаулар 
болып келеді, олардың тілімізге енуіне ислам дінінің әсері мол болған. Араб тілінен 
енген атауларға: әулие, молда, мола, мешіт, мазар, арбат, кәпір, тәуіп сӛздерінің 
тіркесімен келген атаулар жатқызылды: Ақәулие, Иманбай мазар-там, Дәулетбайсұпы, 
Баламешіт, Қалыңарбат, Кәпіртам т.б. 
Моңғол тілінен енген топонимдер қазақ-моңғол бірлестігі дәуірінде қалыптасқан және 
моңғол тайпаларының Орта Азияға (XIII-XVIIIғғ.) тҥрлі жорықтарынан кейін пайда 
болған (Қайдақ, Қарғалытам, Арасанбұға, Түмен, Шағатай т.б.) болса, славьян тілінің 
әсері ӛлкемізде XIX ғасырдың орта тҧсынан байқала бастады. Орыс тілінен енген 
атауларды тӛмендегіше, топтастырылды: а) партия, қоғам қайраткерлерінің атымен 
аталған топонимдер (колхоз, совхоз атаулары): Сталин, Киров, Ленин, Мирзоян, 


Кагонович, Баутин, Фетисов т.б. ә) Кеңестік ӛмір салты мен коммунистік идеология 
әсері нәтижесінде қалыптасқан атаулар: Комсомол, Октябрь, Октябрск, Интернационал, 
1Май т.б. Бірақ бҧл топонимдердің тҥгелге дерлігі қазір ӛзінің тарихи атауымен 
қауышса, екіншілері елдегі болып жатқан тҥрлі саяси жағдайларға байланысты 
қолданыстан шығып қалған. Жер бедеріне байланысты қалыптасқан атаулар: 
Каменистый, Каменный, Придорожный, Песчаный, Ракушечный, Меловой,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет