МЕҢгеріле байланысқан сөз тіркестерінің жасалу жолдары байғұтова Д. Н



жүктеу 84.13 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі84.13 Kb.
МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Байғұтова Д.Н.

Молданова Ж.І.

ОҚМПИ Тіл білімі кафедрасы

Осы күнге дейінгі ғылыми зерттеулерде әрбір сөз тіркестерінің басыңқы сыңарының қай сөз табынан болуына қарай есімді (зат есім, сан есім, сын есім, есімдік) және етістікті (етістік және етістіктің барлық категориялары) деп қарастырылып келеді.



Барыс жалғаулы сөз тіркестері

Зат есім.

- Жалқы есімдер арқылы: Бұндағы жайды өзгеден бұрын Көпбай түйген екен, Шұбарға қароп қарқ–қарқ күлді (М.Әуезов). Түске таман Ұлпанға ауылының үш–төрт ақсақалдары келді (Ғ.Мұсірепов). Соның ең бір сұрықсызы да, сиқысызы да Дарынға бұйырған болатын ("Қазақ әдебиеті"). Кейде жалқы есімдерге —нікі, –дікі қосымшасы жалғанып барып барыс жалғауда келуі арқылы да меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Кертөбелді күзетіп, берірек жатқан Айбастікіне ұқсайды бұл қорыл (Ғ.Мұсірепов). Жолаушылар күн бата Амантайдікіне түсті (С.Мұқанов)

- Деректі зат есімдер арқылы: Жолдастарға еріп, ойын–сауық қуып жүріп, қылжақты, өлеңді, домбыраны үйрендім, еті тірі жақсы жігіттерге еліктеп, ит жүгіртіп, қүс салуды үйрендім (Ж. Аймауытов).

Таяқ таңға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер.

Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер (Мақал)

Сын есім. Сын есімдер меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметіне тек заттану барысында септік жалғауларда келеді. Ондай бағыныңқы сыңарда сын есімдердің сапалық та, қатынастық та түрі барыс септігінде жұмсалады. Байлық әдетте арамға қонады, қала берсе сараңға қонады (Қ.Мырзалиев). Here кел деп айтпайсың! — деп келге көндірдім ("Түркістан"). Ең сүмдығы, дін атаулының барлығы бірте–бірте күштілердің қол жаулығына айналып, әлсіздерге ара түспей барады (О.Сәрсекеев). Бірақ тым қызылға ұрынды (Ә.Кекілбаев). Солардың ішінде 15–20 қойды әлсіздерге берді (М.Әуезов). Әлсізге тимекші емес ("Жұлдыз"). Былай шыққан соң жетекке алған торыға алмасып мінді (Ә.Нұрпейісов).

Осы сөйлемдердегі курсивпен жазылған сөз тіркестері толықтауыштық қатынаста жұмсалған.

Сол сияқты қатыстық сын есімдері көмекші сөз арқылы да толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Көргенсіз дегенге ашуланба, көрмей білмессің (Мәтел).

Есімдік. Есімдіктің ішінде барыс жалғаулы багыныңқы сыңар ретінде жіктеу, өздік, сұрау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері мол жұмсалады.

- Жіктеу есімдігі: Бәлкім маған да айтатын шығарсың ("Жұлдыз"). Ертең май тойы деген күні кешке біздікіне келіңдер (Ж. Нәжмеденов).

- Өздік есімдігі: Бұл істің немен тынатынын бақылауды арызданушылардың өздеріне тапсырды ("Жас Алаш"). Кулаков бұл ең соңғы оқты өзіне арнады (С.Мұқанов).

- Сілтеу есімдігі: Балаларды қайдам, өзім әйтеуір бұнысына түсіне алмай–ақ қойдым (Ә.Кекілбаев).

- Сұрау есімдігі: Неге жаяу аттандың? (С.Бақбергенов). Тіпті жұтамаған күннің өзінде қаншаға шыдайды ол? (С.Мұқанов).

- Белгісіздік есімдік: Біз ешкімге тимейміз, біз тимесек басқаның да бізде жұмысы болмайды (Х.Ерғалиев).Ол ештеңеге қайрылмады (қалыпты сөйлем). Міне, осы құрамды сөз тіркестері толықтауыштық қатынаста жұмсалған.

Есімдіктер көмекші сөздермен түйдектелу барысында да толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Өзге ұлттың балалары топ–топ болып келе жатады да, саяқ жүрген біз сияқтыларға соқтыға жөнелетін ("Қазақ әдебиеті"). Оларға мынадай жағдай үстінде ештеңе деуге тіпті де болмайды (Ә.Кекілбаев). He екеніне өзі де түсінбейді (Қ.Найманбаев).

Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері.

- Мекен пысықтауыш: Теңіз болмаса, ол біздің жаққа келер ме еді (Ә.Кекілбаев).

— Мезгіл пысықтауыш: қаншаға дейін жатады, бізге анығын айтпады ғой (С.Мұқанов). Айдаладағы жаман кемпір маған дейін түгел жаттап алған (Қ.Жұмаділов).



Етістік. Етістіктердің ішінде есімше, қимыл есімдер септелетіні белгілі. Олай болса олар да етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы сыңарларда жұмсалады.

Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері

Есімше.

Еңкейгенге еңкей,

Атаңның қара құлы емес.



Шалқайғанға шалқай,

Пайғамбардың ұлы емес (Мақал).

Қимыл есімі. Бұл әңгімелердің бәрі балықтың пісуіне жетті (С.Мұқанов).

Тұлғалы етістік: Жел кірмеске сөз кіреді, жер көтерместі ой көтереді (Мақал).

Жіктік жалғаулы және бүйрық райлы етістіктер де септеліп бағыныңқы сыңарда жұмсалады. Бейбіт "аттанға" қайта басты (Қ.Қабанбаев). Білмедім, көрмедіге баса алмайсың, Жүніс мырза (Б.Аманшин). Оның кейде "қайтқа" көнбейтіні бар (Ә.Кекілбаев). Тұтқын масайрап, қуанышы қойнына сыймай ырғалақтап отырса, көлденең көз осы сөзсіз жынданып кеттіге саяр еді ("Қазақ әдебиеті"). Осы сөйлемдердегі курсивпен жазылған етістіктер септелетін дәрежеге жетуіне байланысты енді етістіктің етістікпен меңгеріле байланысқан жаңа сөз тіркесі қалыптасуда. Ондай тұлғалы етістіктер көмекші етістіктермен түйдекті түрде де толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Сондықтан өз ажалынан өлді демекке әдейі астыртын у жіберіп отырды (М.Әуезов). Ол бүйтіп шайқалтып тастады дегенге әлі сенбей келеді (Ә.Кекілбаев).

Үстеу. Үстеулердің мезгіл, мекен үстеулері барыс септігінде бағыныңқы сыңарда жұмсалады.

- мезгіл пысықтауыш. Осы жайды білікті, беделді адамдарға айтып келеміз, әзірге тыңдалған жоқ (С.Мұқанов). Мыналар ертеңге шейін отырады (З.Шашкин). Мына көйлегім ертеңге дейін кірлеп қалмайтын шығар ("Қазақ әдебиеті").

- мекен пысықтауыш. Ол тіпті әріге мезгейді (Ш.Мұртаза). Европалықтар келетінін естіген абайлықтар көкпар орнын дереу өзгертіп, әріге қарай шегеріп қойыпты ("Қазақ әдебиеті").

Еліктеуіш сөз. Еһе–кеге елірме, боз балалар,

Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық (Абай).



Модаль сөз. Тіпті қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керектігін қай елден барып рұхсат сұрауымыз керек дегенге дейін барды ("Егемен Қазақстан").

Сөйлемді сыңар. Қауесетшіл түз жұрты "Жаңа Үкімет құрадыға"дейін барады (Т.Әлімқұлов).

Бар, жоқ сөздері. Жалқау барға саналса да, жанға саналмайды (Мақал). Жоққа жүйрік жетпейді (Мәтел). ... Жасынан іс істеп үйден шықпағандық қиын, бар–жоққа тарылып, алдағанды білмей жүре береді (Абай).

Сонымен, барыс жалғаулы бағыныңқы сыңарлар барлық сөз таптарынан жасала отырып, олар сөйлемде толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы етістікті меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрайды.



Табыс жалғаулы сөз тіркестері

Табыс жалғаулы бағыныңқы сыңарлар тек толықтауыштық қатынаста жұмсалады.



Зат есім. Табыс жалғаулы зат есімдер өте мол. Мұндайда зат есімдер жалқы есім, жалпы есім, топоникалық атаулар түрінде дара және күрделі түрде жұмсалады. Бекболатты жақын ауылға апарып жарасын таңып, жолдастары жан–жаққа шапқан екен (Ж.Аймауытов). Осы жерде билікті мен айтайын ба? (М.Әуезов). Елін ері қорғаса, елі де ерді қолдайды (Жамбыл). Зат есімдер зат есім, сын есім, сан есім, есімше, бар, жоқ сөздері арқылы күрделі сыңар да құрайды. Біз сүйеміз көктем күнін (Х.Ерғалиев).

Сын есім. Сын есімдердің сапалық та, қатыстық та түрлері заттану арқылы табыс жалғауында жұмсалады.

Сапалық сын есім. Жақсыны көрмек үшін (Мәтел). Ербол күреңді бері бұрып келеді (М.Әуезов). Жаманды жақсы десең, бөркі қазандай болады (Мақал).

Қатыстық сын есімдер де баршылық.

Бүгінгіні ғана ойламай, алдағыны да ескерген жөн (Б.Майлин).

Қанша білгіш десе де,



Халық сүймес арсызды.

Қаншама шешен болса да,



Дауға салма малсызды (Мақал).

Сын есімдер –нікі, –дікі қосымшасы арқылы да табыс септігінде тұрып меңгеріле байланысады.



Ұры жете алмайтын жаяудікін алады, сұрай алмайтын сақаудікін алады (Мақал).

Сан есім. Табыс жалғауда сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық, топтау, бөлшектік түрлері қатысты. Таң атсын, мен мыңын тауып беремін (С.Бердіқұлов). Бірін білдірмей, екіншісін тындыру қиын (Мақал). Екеуін де сағындым (Т.Ахтанов). Мен бұл жерде екуінің бірін таңдармын (Жұлдыз). Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін (Ы.Алтынсарин). Римнен қайтарда артыңа қарай–қарай қайтасың, мыңнан бірін көре алмадық деп армандайсың (Ғ.Мұсірепов).

Есімдік. Есімдіктердің барлық түрі табыс септігінде тұрып басыңқы сыңармен меңгеріле байланысады.

Етістік. Ондай бағыныңқы сыңарда етістіктің есімше, қимыл есімі, с тұлғалы етістіктер жиі қатысады. Бөлінгенді бәрі жейді (Мақал). Айтуын айтып–ақ жүріп жатыр ("Егеменді Қазақстан"). Содан бері барыс–келісті азайтқан (Қ.Жұмаділов). Бұл тұлғалы етістіктер өзара қайталану арқылы да жасалады. Айтарымды айттым, одан қайтарым жоқ ("Жас Алаш"). Сен болмасаң, ол сұрамауын сұрамайды (Б.Нұржекеев).

Үстеу. Үстеу қаншалықты септелгенімен табыс септігінде тек мезгіл үстеуі ғана бағыныңқы сыңарда толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ертеңін ойлаған мемлекет, алдымен, талантты адамын қадірлейді (Р.Тоқтаров). Өткен мен бүгінді творчествода еркін пайдалана білу керек (Ф.Оңғарсынова). Жігіттерге қазір мінездеме беріп, баға үлестіріп жатудың ертерек екенін Мөржан жақсы біледі (М.Хасенов).

Бар, жоқ сөздері. Бар, жоқ сөздері таза түрде және көмекші сөздер арқылы да табыс септігінде толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Барды күндеме, жоқты міндеме (Мақал). Сендерге не болған, бұл жоқты–барды сөз ететін (С.Шаймерденов). Мұнда соңғы сөйлемдегі жоқты–барды сөз ететін ортақ басыңқылы сөз тіркесі. Бар, жоқ сөздері - нікі, - дікі қосымшасы арқылы да келеді. Бардікін алып жоққа берді (М.Мағауин).

Модаль сөз. Ендігі керекті Дәрмен айтуға бейімделді (М.Жұмабаев). Онымен өмір сұрудің мүмкін емесін ойлап, ашудан мен де жарылып кете жаздадым (Б.Нұржекеев). Өзінің ешкімге керек емесін өзі де біледі (Т.Ахтанов). Әркім базарда өзіне керегін алады (Қалыпты сөйлем). Екінші, үшінші сөйлемде модаль сөздерге көмекші сөздер түйдектеліп барып табыс септікті сөз тіркесін құраған.

Тұрақты тіркес. Қызмет бабын пайдаланып, бір де бірінің парамен ұсталмауы қарғаның көзін қарға шұқымдайды дегенді еріксіз еске салғандай ("Ана тілі").

Үйірлі анықтауышты бағыныңқы сыңар. Сөйлемде үйірлі анықтауыштар да бағыныңқы сыңарда жұмсалады. Көңілі кеңді көмейі кең жұтады (Қ.Мырзалиев). Көп қабатты үйді сатып алған көрінеді ("Түркістан").

Кейде: Баласы әкесінің "Ай" дегенін естіп, қияннан жетпес пе еді (Ш.Мұртаза).

Соңғы кезде есімді, етістікті басыңқы сыңармен бірге субстантивтенген басыңқы сыңарлар да айтылып жүр. Ал осы субстантивтенетін сөз табының бірі — етістік. Әсіресе, етістіктің ішінде есімше, қимыл есімі. Жоғарыдағы сөйлемдерде басыңқы сыңарда етістіктердің заттану арқылы жұмсалуы мол кездесті.

Өте күрделі болып саналатын етістік сөз табының өзінің барлық категорияларымен, тұлғалық ерекшелігімен басыңқы сыңарды құрайтындығы және барлық сөз табынан болатын бағыныңқы сыңарлармен меңгеріле байланыса алатын мүмкіндіктеріне осылайша тоқталып өттік.


Резюме

В данной статье рассматриваются особенности словосочетаний с глаголами.


Summary

This article discusses the features of phrases with verbs.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 280 б.

2. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак–киргизского языка. Часть П.Синтаксис. Санк–Петербург, 1897. 92 с.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999, 580 б.

5. Басымов X. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері // Халық мұғалімі, 1939, 38 б.



6. Ермеков Ә. Қазақ тіліндегі сөздердің меңгеруі және оның меңгерілуі туралы // Халық мұғалімі, 1939, 19–22 б.

7. Аманжолов С, Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім. Синтаксис. Орталау және орта мектептерге арналған. –Алматы, 1939, 183б.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет