Библиографиялық сипаттама


Әр түрлі ақпарат көздерінде БС-ты қолдануы. БС-тің функциясы



бет3/6
Дата11.02.2022
өлшемі18.47 Kb.
#455282
1   2   3   4   5   6
Семинар

1.3. Әр түрлі ақпарат көздерінде БС-ты қолдануы. БС-тің функциясы.

Библиографиялық жазу қызметі жүйесіне төмендегілерді жатқызуға болады:



Жалпы қызметі:

 коммуникативтік қызмет – ақпарат алмастыруды қамтамасыз етеді, адамның қоғамдық мәдени тәжірбибесі жөнінде мәліметтерді бейнелейді.

 танымдық қызмет – білім беретін ақпараттармен қамсыздандырады.

 ұйымның өзінің құрылуы –оның құрылымы, құрамы, әлеуеттік қажеттіліктерге жауап беретін элементтері.



Арнайы қызметі:

 мәдени – ағарту қызметі - библиографиялық білімнің арқасында әлеуеттік – рухани жетістікке қол жеткізуге көмек береді;

 қоғам меншігіне айналдыру қызметі – жеке тұлғаның қоғамға араласуына мүмкіндік береді (тұлғаның дамуына көмектесетін бірқатар функцияларды қамтиды).

 куммулятивтік функция – жинақталған библиографиялық құжаттарды тұтынушылардың библиографиялық білім алу процесіне айналдыруы үшін қайта өңдеуді білдіреді;

 ғылыми – көмекшілік қызмет. Әр түрлі саладағы библиографиялық сипаттама ғылыми жағынан білім алудың басты элементі;

 құжаттық қызмет – (деректану) бастапқы және қосымша құжаттар туралы ақпараттың нақтылы тарихи түрінде қоғамда бекітілуіне мүмкіндік беретін қызмет;

 ақпарат ұсынылатын қызмет – тұтынушыларға қажетті ақпарат беруді жүзеге асыратын ұсыныстық қызмет;

 анықтама іздеу қызметі – ақпарат құралдарынан библиографиялық деректер табуға көмектеседі;

 бағалау - тұтынушыға қажет ақпараттың сай болуын анықтап, оны бағалауға мүмкіндік жасайды;

 технологиялық функция – даярлық кезеңі библиографиялық сипаттаманың жинақталуы мен сақталуы, қамтамасыздық кезеңі (ақпараттық қажеттіліктерді қалыптастырып, қанағаттандыру), тұтынушылардың өзіне қажет мәліметтерді игеру кезеңі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет