Библиографиялық сипаттаманың элементтері міндетті және факультативтік деп бөлінеді. Библиографиялық сипаттама үшін оның алғашқы беті неғұрлым толық дерек болып саналады. Егер басқа титулдық беті болмаса, негізгі дерек ретінде қатар қолданылған алғашқы бет - библиографиялық мәліметтер мәтін алдында берілген басылымның бірінші парағы.
Библиографиялық мәліметтер деректерін пайдаланудың жүйелілігі белгіленген: алғашқы бетімен оның әр түрлігі қатар қолданылған титул парағы, авантитул, титул парағының сыртқы жағы, түптеу, кітаптың тарауларының аты басылған жеке беті, кітаптың қайда, қашан, қанша дана, қандай көлемде шыққаны жөніндегі мәлімет т.б. деректер. Мәліметтердің негізгі деректері стандарт бойынша нақтыланған. ГОСТ 7.76–96 сай, библиографиялық сипаттама құру талаптары төмендегідей салалар мен элементтер бойынша анықталады.
Тақырып пен жауапкершілік жөніндегі мәліметтер аймақтары:
Кітаптың басы - онда автордың аты мен фамилиясы жазылады. Егер 3-4 автор болса, төртіншісін басты деп көрсетуге рұқсат етіледі. Содан кейін жауапкершілік болу үшін бірінші автордан кейін үтір арқылы қалғандарының аты – жөнін атап кету керек. Ұжымдық құжатты сипаттағанда оның басында мекеменің аты тұрады.
Тақырыптың аты- оның төмендегідей түрлері болады: негізгі, жалпы, жеке баламалы, салыстырмалы, тәуелді, түпнұсқа тақырыбы, жалпылама, тематикалық, типтік т.б. Тақырыпты бейнелегенде алғашқы парақта басылған кітаптың аты қайталанады. Қысқартылған сөз, толықтыру, сөз тәртібін өзгертуге тақырыптың атауында рұқсат етілмейді.
Тақырыпқа қатысты аймағы – басылымда көрсетілген кітаптың атауымен байланысты сөздер мен сөз тіркестері.
Жауапкершілік жөніндегі мәліметтер – тұлғалық мәліметтер (автор, редактор, аудармашы, иллюстратор т.б.) сондай – ақ (ұжымдық мәліметтер) (мекемелер, ұйымдар т.б.)
Басылым саласы – құжат басылымының қайталау жөніндегі мәліметтері ( түзетілген, толықтырылған т.б.)
Арнайы мәліметтер аймағы – белгілі бір құжатқа тән арнайы мәліметтер. Мысалға, картографиялық басылымдағы библиографиялық сипаттамада масштабтың жоқтығы туралы мәлімет – «Б.М-ба» (без масштаба) деп келтіріледі.
Арнайы материалдардың белгіленуі–материалдық ерекшелігін білдіретін термин (мысалға грамматика). Кітаптың шыққаны жөніндегі мәліметтер саласы. Бұл саланың элементтері төмендегідей жүйеде болады: басылым орны, баспа немесе кітапты шығаратын ұжым, басылым датасы, типография т.б. Типография атауы факультативтік болып есептеледі. Сандық сипаттама саласына төмендегідей элементтер жүйеленеді. Бөлім саны, том саны, шығарылған саны, көлемі – парақ саны. Бұл мәліметтер міндетті болып табылады. Серия саласы – жалғасы бар басылымдар туралы мәліметтерді қамтиды. Ескерту саласы – ескерту мәтінінің белгілі бір ережесі жоқ. Бірақ кез-келген сипаттама көріністеріне қатысты болуы мүмкін рәсімделуі, мазмұны, басқа құжаттармен байланысы т.б. Халықаралық стандарт нөмірі, бағасы мен тиражы құжатты тіркеу, сатылымының есебін алуға қажетті мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |