3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы
Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай «... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған [32]. Бұл адам іс-әрекетінің әр түрлі саласында компьютермен тікелей, үздіксіз жұмыс істейтіндердің санының күрт өсуіне алып келетін дербес компьютерлердің кеңінен таралуымен түсіндіріледі.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:
есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;
оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен және есептеуіш техниканың даму болашағымен таныстыру.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізу жаратылыстану пәндерін сапалы деңгейде оқып үйрену үшін алғышарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндігі оқудың көрнекілігін неғұрлым оңай меңгеруге әкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едәуір кеңейтеді, олардың өз бетімен оқу әрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынған [32], алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған [11]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген [11]:
ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде программа, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, программалау тілдерінің бірінде программалау негіздері;
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу принциптері;
өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі және қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің ролі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» [32, 5-б.] және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [12, 3-б.] Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз:
Достарыңызбен бөлісу: |