А.И.Сенокосов: «Мен «машина сезiмi» информатиканың іргелі негiздерiн оқығанда ғана келетiндiгiне күмәнданбаймын… Ешқандай мәтіндік редактор, мәлiметтер қоры, электрондық кесте алгоритмдiк ойлауды дамытатын «Лого-тасбақа» түрiндегi қарапайым орындаушыны алмастыра алмайды. Мектепте 7-9 базалық бағдарламасында бiрнеше жыл жұмыс iстеу маған мектеп бiтiрушiнi толық компьютерлiк сауатты деп есептеу үшiн Norton Comander, Windows, Word, Access және т.б да «ексел- мокселдердi» оқытудың түкке керек еместiгiн растау құқығын бередi».
А.С.Лесневский: «Компьютер күннен-күнге тұрмыстық бола бастады және ең бастысы, неғұрлым қолайлы құрал, оны программалық қамтамасыз ету қарапайым бола бастады. Сондықтан жалпы пайдалы ақпараттық технологиялар нарығында әлеуметтiк бейімделу мәселелерiн шешуде технологиялық компоненттiң орны неғұрлым қарапайым бола бастайды».
Е.К.Хеннер: «Технология жалпы бiлiм беретiн курспен қатар, технологияны оқыту жалпы бiлiм беру курсынан кейiн, техникалық кәсiптiк оқыту орындарында (ТКОО) мамандыққа дайындықтың бөлiгi ретiнде, бiрақ жалпы дамуды алмастыратын технология жоқ».
Информатика – айқын іргелі компоненттерiмен ерекшеленген дербес оқу пәнi - мiне, мектеп осыған бағытталуы тиiс едi, бiрақ бұл үшiн ғылыми iзденiстiң белсендi жалғасы, бiлiм берудiң іргелі бөлiгi ретiнде осы пәннiң жалпы бiлiм берудегi орнын қайта ойлану керек.
Информатика ғылымының іргелі қайнар көзiнiң анықталуына байланысты оқушыларға ақпараттық бiлiм беруге мақсат қоюдың маңызды аспектiсi Мәскеу бiлiм беру департаментiнде МИПКРО - ректоры А.Л.Семеновтың жетекшiлiгiмен қабылданған кең тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс негiзiнде қойылған. А.Л.Семеновтың пiкiрi бойынша, мектептегi информатиканы келесi саладағы элементтер құрайды:
математикалық информатика;
ақпараттық технологиялар құралдарымен (АТҚ) жұмыс iстеудегi практикалық дағдылар, соның iшiнде компьютерге қандай да бiр кең таралған әмбебап программалау тiлiнде программа жазу шеберлiгi;
ақпараттық мәдениет, яғни қоршаған ортадағы ақпараттық үдерістер туралы, ақпараттардың қайнар көзi туралы, ақпараттық құралдар туралы, моральды этикалық және заңды нормалар жүйесi туралы жалпы түсiнiк, бағалы бағыт-бағдар [40].
Бұл жерде басты назар математикалық информатика сөз тiркесiне ауатындығы байқалады. А.Л.Семеновтың пiкiрi бойынша, “математикалық информатика ақпаратты өңдеу, сақтау, тасымалдау үдерістерiнiң теориялық модельдерiн беретiн информатиканың іргелі ғылыми, жаратылыстану бөлiгi. Бұл өзiнiң обектiсi, ұғымы және әдiсi бар - математиканың бір саласы. Оны үйренудiң пәнi конструктивтi обьектiлер және алгоритмдiк сипатталған, яғни осы объектiлер арасында жүзеге асырылатын үдерістер болып табылады” [39]. Компьютер пайда болмай тұрып табылған, математикалық информатиканың маңызды теоремалары мен анықтамаларын үйренудiң қажеттiгiн, абстракциялық қандай дәрежеде терең екендiгiн оқушыларға арналған тиiстi оқу материалы мәлiмдей алады? А.Л.Семеновтың пiкiрi бойынша кеңес дәуiрiндегi информатика курсы, негiзiнен, математикалық информатика курсы болды. Ал Гильберт, Гедель, Тьюринг, Пост нәтижелерiмен не iстеуге болады? Немесе соңғы обьектiнiң колмогоровтық күрделiсi мен оның базасында пайда болған ақпараттың алгоритмдiк теориясымен не iстеуге болады? Әңгiме мектеп информатикасына информатиканың іргелі негiзiн құрайтын жалпы бiлiм беру элементтерiн анықтап, енгiзу туралы болуы мүмкiн. Олар мұнда «математикалық информатика» терминiн қолданбаса да, бұл педагог-информатиктердiң ерекше қамқорлықтағы жұмысы болып табылады.
Ресей Бiлiм беру Академиясында (В.С.Леднев, А.А.Кузнецов, С.А.Бешенков) дамыған ғылыми бағыттар ауқымында жалпы бiлiм беру мазмұнына, яғни «негiзiнде ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау және тасымалдау үдерістерi жататын өзiн-өзi басқару феноменiн оқып-бiлуге бағытталған» базалық кибернетикалық бiлiмдi анықтауға және енгiзуге көп көңiл бөлiнедi. Бұл кибернетикалық бiлiмнiң базалық ядросы, ғалымдардың пiкiрi бойынша мектеп информатика пәнiнiң негiзiн құрауы тиiс.
Төменде жалпы бiлiм беретiн мектептерде информатиканы оқытудың жобаланған мақсаттарының толық сипаттамасы жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердi қолданудың нәтижесi ретiнде келтiрiлген [23].
Ғылыми дүниетаным негiздерiн қалыптастыру.
Бұл жағдайда, ең алдымен әңгiме: әлемнiң қазiргi кездегi ғылыми бейнесi құрылатын, ғылымның үш негiзгi ұғымдарының: зат, энергия, ақпараттың бiреуi ретiндегi ақпарат туралы түсiнiктi қалыптастыру туралы; табиғаты әртүрлi өзiн-өзi басқару жүйелерiнiң құрылысы және жұмыс iстеуiнiң ақпараттық принциптерiнiң бiрлiгi туралы.
Ақпаратпен жұмыс iстеудiң жалпы оқулық және жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Мұнда ақпарат көздерiн сауатты қолдану икемдiлiгi, ақпараттың дұрыстығын бағалау, ақпарат пен бiлiмнiң байланысы, ақпараттық үдерістердi дұрыс ұйымдастыру икемдiлiгi, ақпараттық қауiпсiздiктi бағалау туралы.
Оқушыларды мамандыққа дайындау.
Мамандыққа көзқарастың өзгеруiне және экономикадағы ақпараттық сектор үлесiнiң өсуiне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен шұғылданатын iс-әрекеттiң әртүрлi саласына дайындау қажет болып отыр. Бұл ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгерудi өзiне қосып алады. Басқару саласында алғашқы дайындықтың қажеттiгiн ерекше атап көрсеткенiмiз жөн. Көптеген технологияға байланысты дамыған елдер мұнда мемлекеттiк және экономикалық дамудың табысты кепiлiн көретiнi белгiлi.
4. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру үздiксiз бiлiм беру жүйесiне өтудiң қажеттi шарты ретiнде.
Мұндай дайындықтардың қажеттiлiгi үздіксiз бiлiм беру ерекшелiктерiнен: жекелей бiлiм беру бағыттарының жүзеге асуынан, бiлiм беру үдерістерiнiң саралануынан, оқыту құралдары ролiнiң күшеюiнен шығады”. Оқушыларға информатикалық бiлiм беру мақсатына неғұрлым толық түрдегi қазiргi көзқарастар ғасырлар тоғысында қаралған 12-жылдық мектеп тұжырымдамасының [1, 18] негiзделуiмен байланысты жарыққа шықты. РБА академигi А.А.Кузнецовтың [19] осы жағдайларға байланысты келтiрген және оған сiлтеме жасаған аргументтерi информатикадан жалпы бiлiм берудiң негiздерiн дамытуға бағытталған, яғни ол информатикадан бiлiм беру мазмұнындағы технологиялық компоненттердiң орнын жеткiншек ұрпақты мамандыққа дайындаудағы құрал ретiнде қарастырады. Ол В.Г.Кинелевтiң [15] пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, яғни “… бiлiм берудiң жаңа парадигмасын логикалық байланысқан үштiк ретiнде тұжырымдайды: әлемнiң бiртұтас бейнесiнен – бiртұтас, толық бiлiмге және ол арқылы – толық, бүтiн тұлғаға”, А.А.Кузнецов өз тұжырымын ұсынады, “… бiлiм берудiң басты мақсаты, адамның iс-әрекетi мен ойлауының жаңа тәсiлдерiн беретiн бiртұтас, толық дүниетаным қалыптастыру”-деп атап көрсетедi [19]. 12 жылдық білім беру жағдайында оқытудың мақсаты – «...қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» болып табылады [52]. Осындай тұлғаны қалыптастыруда информатиканы оқып-үйренудiң маңыздылығын бағалау қиынға түседi. Сондықтан да әлемнiң ғылыми бейнесiн қалыптастыру, мектепте информатиканы оқып-үйрену мәселелерiнiң iшiндегi ауқымдысы болып отыр. Мұндай тұжырымдардан информатиканың білім беру мақсаты – мазмұнның ақпараттық бөлігі (түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу, сынау, түрлендіру, жеткізу); техника бөлігі (компьютер құрылымы, жұмыс істеу механизмі, есептер шығару), операциялық жүйе бөлігі (операциялық жүйені баптау, файлдар құру, операциялық жүйенің стандарттары программаларын қолдану), қолданбалы программалар бөлігі: (Word, Ехсеl, Access), программалар бөлігі (Паскаль,объектіге бағдарланған программалау тілдері туралы алғашқы түсінік) негізін меңгертіп, оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруды көздейді.
Ақпараттық құзырлылық дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ақпараттық технологиялардың көмегімен ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы [53]
Ақпараттық құзырлылықты екі құраушының жиынтығы ретінде қарастырады: компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениет [54]. Бұдан информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |