Бидайбеков Е


Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру



бет60/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
treatise13514

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру

Телекоммуникация, оқытудың аудиовизуальді және компьютерлік құралдары саласындағы ілгерілеу оқытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа құралдарына жүгінуге мәжбүр етеді. Педагогикалық технология (грек тілінен аударғанда «технология» - өнер, шеберлік), оқушылардың өз бетінше дамуын, ұжымшылдығын, оқу-танымдық іс-әрекеттерін өзі-өзі басқаруды іске асыру біліктілігін қамтамасыз етуге қабілетті. «Педагогикалық технология, соның ішінде оқыту технологиясы – тәрбиелеу және оқытудың педагогикалық заңдылықтарына, мақсаттарына, мазмұнына, түрі мен әдістеріне сәйкес, оларды кейінгі жаңғырту мен таралымын көбейтуде неғұрлым жоғары тиімділік деңгейіне кепілдік беретін нақты технологияның жобалау мен практикалық қолдану жүйесі» [1, 250 б.]. Жаңғырту, таралымын көбейту, оқыту үдерісін сапасының жоғары кепілдік беру қасиеттері педагогикалық технологияны оқыту әдістемесінен ажыратады.
Модульдік оқыту технологиясы 1960 жылдардың ортасында АҚШ пен Батыс Еуропаның оқу мекемелерінде шығып, кең көлемде әйгілі бола бастады және педагогика теориясы мен практикасында жинақталған барлық озық әдістерді сабақтастыра отырып, дәстүрлі оқыту баламасы ретінде пайда болды. Модульдік оқытудың негізіне «оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде болжамдық, орындаушылық және бақылаушы бөліктерін ерекшелеп көрсетуге болады» деген тұжырымға сай, ойлау іс-әрекеттерін кезеңмен қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин) жатады.
Модульдік оқыту оқу ақпаратын, оқыту мазмұнын және оқушылардың толық, логикалық аяқталған оқу блоктарымен (модульдермен) жұмысын ұйымдастыруды қатаң құрылымдауды ұсынады. «Модуль» сөзі (латынша modulus - өлшем) математика, информатика, техника салаларында әртүрлі мағынаға ие. Оқу модулі – «мақсаттан және оқу есебінен, іс-әрекеттер негізіне бағытталған әдістемелік нұсқаудан және оқу іс-әрекетін табысты орындауды бақылау (өзін-өзі бақылау) құралдарынан тұратын оқу ақпаратының дербес блогы» [1, 272 б.]. Ол оқу пәнінің тақырыбымен сәйкес келеді, бірақ, модульде барлығы өлшенеді және барлығы бағаланады: тапсырма, сабақтағы жұмыс, сабаққа қатысу, оқушылардың бастапқы, аралық және қорытынды деңгейлері. Модуль курстың мазмұнын үш: толық (базалық), қысқартылған және тереңдетілген деңгейде беруі мүмкін.
Модуль мынадай құрауыштардан (блоктардан) тұрады [41]:

  • нақты тұжырымдалған оқу мақсатынан (мақсаттық бағдарлама);

  • ақпараттар қорынан – оқытушы программа, мәтін түріндегі оқу материалынан;

  • материалды оқытудың әдістемелік нұқауынан (мақсатқа жету);

  • қажетті біліктіліктерді қалыптастыру бойынша практикалық сабақтардан;

  • құрылғылар, материалдар кешендерінен;

  • модульдің мақсатына қатаң сәйкес келетін бақылау тапсырмаларынан.

Модульдік оқытуда оқушылар әрқашанда негізгі ұғымдардың тізімін, әрбір нақты модуль бойынша қалыптасатын дағды мен біліктілікті, оқу материалын меңгеру сапасын бағалаудың сандық өлшемін білулері керек. Осы тізімнің негізінде модуль бойынша барлық жұмыс түрлерін қамтитын сұрақтар мен оқу есептері құрылады және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға шығарылады. Оқу модульдері мен тестер компьютерлік оқыту ортасына жеңіл көшіріледі. Әрбір модульдің мазмұнын оңай өзгертуге және толықтыруға болады; әртүрлі модульдердің элементтерін айқындай отырып, жаңа модульдер құруға болады; модуль оның элементтерін оңай ауыстыруға болатындай құрылуы керек [56].
Модульді жасауда әрбір модуль білімнің толық анықталған өзіндік мөлшерін беретіндей, қажетті біліктілікті қалыптастыратындай етіп жасау ескеріледі. Әр модульді оқып болғаннан кейін оқушылар алды да жұмыс жасаулары үшін мұғалімнен нұсқау алады.
Модульдік оқытуда көбінесе оқушылардың білімі мен біліктіліктерін рейтингтік бағалау қолданылады: әр тапсырма ұпаймен бағаланады, оның рейтингі мен орындау уақыты белгіленеді (тапсырманы өз уақытында орындау сәйкес балдар санымен бағаланады). Курс бойынша жалпы бағаны анықтау үшін мұғалім белгілеген сәйкесінше салмақтық коэффициентімен рейтинг нәтижесі де кіреді.
Модульдік оқытуда арнайы жасалған іс-әрекеттердің мақсаттық жоспарынан, ақпараттар қорынан және дидактикалық мақсаттарды іске асырудың әдістемелік нұсқауынан тұратын оқу бағдарламасы қолданылады. Іс-әрекеттердің мақсаттық жоспары нәтижеге жетуді жоспарлауға мүмкіндік беретін, толық модульдік бағдарламаның ішінде жеке оқу элементтерін, модульдерді меңгеру кезегі деп түсініледі [57]. Модульдегі әртүрлі тарату құралдарымен берілген ақпараттар жиынтығы ақпараттар қоры деп аталады. Модульдік оқытудағы әдістемелік нұсқауы оқытудың түрлерін, әдістері мен тәсілдерін қолдану нұсқауынан, сонымен қатар оның тиімділігін тексеру үшін тесттерден тұратын оқу материалдарының меңгеру жолдарының нұсқалары түсініледі.
Модульдік оқыту оқушыларға оқу бағдарламасымен өздігімен жұмыс істеуге, өзінің мұқтаждықтарына сәйкес оны толық немесе жеке элементтерін қолдануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет