8.3.5 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың екі түрін атап көрсетуге болады: бағдарлама материалын меңгеруден қалып қойған оқушылармен жұмыс; информатикаға аса қызығушылық танытқан оқушылармен жұмыс.
Бірінші бағыт бойынша келесіні атап өтуге болады. Бұл бағыт қазіргі таңда әрбір мектепте бар. Информатиканы оқыту тиімділігін арттыру үлгермеушілермен қосымша оқу жұмысының мәнін төмендетеді. Тамаша жағдайда сыныптан тыс жұмыстың бірінші түрі ашық көрінген жеке сипатқа ие болу керек, ол тек қана мынадай жағдайларда көрінуі тиіс: оқушының жалғасымды ауруында, бір мектептен келесі мектепке ауысуы кезінде. Алайда бұл жұмыс қазір пән мұғалімінен мәнді көзқарасты талап етеді. Оның негізгі мақсаты информатика курсы бойынша информатикадағы артта қалған оқушыларды уақытысында анықтау.
Сыныптан қалып қойған оқушыларға сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырудың кезеңдері:
Аз баладан құралған топпен информатикадан қосымша сабақтар өткізу. Бұл топтағы оқушылар білімі өзара шамалас болуы керек.
Балаларға берілетін тапсырмаларды жекелендіру. Әр балаға алдын ала дайындалған бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалар беруді ұйымдастыру.
Аптасына бір реттен кем емес қосымша өткізу.
Өтілген тақырып бойынша қорытынды бақылау алып, тақырып бойынша бағалау жасау.
Информатикадан қосымша сабақтар үйретуші сипатта болу керек.
Информатика пәнінің мұғалімі оқушының материалдан қалып қою себептерін анықтап отыру керек.
Екінші бағыт - информатикаға аса үлкен қызығушылық танытатын оқушылармен жұмыс, олар мына төмендегі негізі мақсаттарға сай болуы керек:
Информатикаға тұрақты қызығушылық тудыру;
Бағдарлама материалы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
Оқушылардың қабілеттерін тиімді дамыту мен олардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдыларын анықтау;
Ойлау мәдениетін дамыту;
Оқу және ғылыми танымал әдебиеттермен өз бетінше және шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Қоғам өміріндегі информатиканың практикалық маңыздылығы туралы кең және терең түсінік беру;
Әлемдік ғылымда информатиканың рөлі мен мәдени тарихи құндылығы жөнінде кең әрі терең түсінік беру;
Оқушыларда ұжымдық сезімді дамыту және ұжымдық жұмыс пен жеке жұмысты кіріктере алуға үйрету;
Информатика мұғалімі мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату.
Берілген сыныптың ұжымы ішінен информатиканың тиімділігін арттыруға көмектесе алатын мұғалімнің белсендісін анықтау.
Осы мақсаттар сабақтарда жекелеп жүзеге асады. Бірақ, сыныптық тапсырмалар үдерісінде уақыт та бағдарламада оқумен шектелген, бұл жұмысты толыққанды ете алмайды.
Оқу-тәрбие жұмысы мен сыныптан тыс жұмыс арасында тығыз байланыс бар: оқу тапсырмалары, білімге деген оқушы қызығушылығын арттыру және керісінше сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада кеңінен қолдана алады.
Сыныптан тыс мерекелердің кейбір түрлері
Информатикалық кеш - сыныптың жұмыс қорытындысын өткізуге арналған форма. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің мазмұнын ойластырады. Кешке материалдар таңдайды: әзіл тапсырмалар, жинақтауға арналған тапсырмалар, ребустар, софизмдер, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар. Кештің тәрбиелік мәні: оқушылар сыныптың намысы үшін күреседі, оқушылардың бойында жеңіске жетуге деген сезіммен күреседі.
Информатикадан викторина – бұл ойын. Мұны үйірмеде қолданған тиімді. Викторинаның тапсырмалары мазмұны жеңіл, түсінікті, жазуды қажет етпейтін, ойша шешуге арналған сұрақтар болуы тиіс. Сабақ кезіндегі шығарылатын есептер викторинада қызықсыз. Есептерден бөлек викторинаға информатикадан сұрақтар қосуға болады. Тіпті әзіл-есептер де қосуға болады. Викторина қандай да бір тақырып көлемінде немесе құрастырылған да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |