Бидайбеков Е


Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны



бет72/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87
treatise13514

8.3.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны адам өмірінің түрлі қырлары баланың жеке тәжирибесінде нақты орын алған бейімделген, әлеуметтік тәжірибені қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын топтау төменгі факторлармен сипатталады:



  • эмоционалдық аспектіні ақпараттық аспектімен басып озу: тиімді тәрбиелік әрекетке бала сезіміне, оның уайымына, яғни эмоция арқылы ақылына қарауды талап етеді;

  • сыныптан тыс жұмыс мазмұнында анықтауыш мәндер білімнің тәжірибелік қырына ие, яғни, сыныптан тыс жұмыс мазмұны түрлі білік пен дағдыны бекітуге бағытталған. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқу біліктілігі қалыптасады, ақпараттарды іздеуде, түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда, қарым-қатынасқа түсуде, серіктес бола білуде, этикалық нормаларды сақтау кезінде өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында теориялық аспектіні тәжірибелік аспекті басып озатын болғандықтан, мазмұнды әлеуметтік тәжірибені сол немесе басқа аумақтан меңгеретін оқушы әрекеті тұрғысынан қарастырған дұрыс.

Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-әрекет танымдық қызығушылықты, оқудың тиімді әсерін, оқу біліктіліктерін қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-әрекет оқу әрекетін басқа формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл «Қызығушылар турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», КТК, есептеуіш орталығына саяхат және т.б. үйірмелер болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.
Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды оқытуда құрылымдық біліктілікке, модельдеу дағдысына, көрнекілік пен программалық құралдар дайындауға бағытталған тәжірибелік мазмұнда бола алады және болу керек.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу кезінде қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретуге бағытталып ұйымдастырылған, бағытталған жұмыстардың рөлі зор. Бұл жұмыстың мақсаты оқушыларда білім қорын көруге, оқу мәдениетін меңгеруге арналған.
Жоғары сынып оқушыларының оқу шеңбері көркем әдебиет, ғылыми-атақты әдебиеттер, ақпараттық әдебиеттер, сонымен қатар кәсіптік бағыттағы олардың қызығушылығымен байланысты әдебиеттер болуы керек. Мұндай кезде конференциялар, пікірталастар, кітапхана ісі жайындағы тапсырмалар тиімді. Бұл әрекет баяндама, реферат жазу кезінде көрініс береді.
Қызықтырушы әрекет оқушылардың толыққанды демалысын ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы достық атмосфераны, жүйке қысымын алуға көмектеседі. Бұл кезде КТК, «Компьютерлік әзіл» тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі – танымдық және қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, «Ғажайыптар алаңы», «Маңызды информатика», қиялшылдар конкурсы, викториналар және т.б. Қай аспектінің басым екендігін анықтау үшін мұғалімнің нақты формадағы сыныптан тыс жұмыстың мақсатын, міндетін, қызметін талдау жасау керек.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-әрекет еңбектің әр түрінің мазмұнын береді. Мұғалімге сыныптан тыс жұмыстың еңбек әрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, бірақ оқушылардың түрлі жүйелік еңбек әрекеті беретін тәрбиелік нәтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Берілген нәтиже еңбекке қажеттілік кезінде, өзін еңбекпен қамту кезінде көрініс береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көрнекіліктер, кабинетті өңдеу жұмыстарын, педагогикалық программалық құралдарды жасауға болады.
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың қызығушылығын, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекеттер программалаушылар конкурсы, компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сеияқты сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған әрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойында дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыста құлықтық тәрбиенің орны бөлек, ең маңызды міндеттің бірі оқушы бойында қоғамдық міндетке танымды қарым-қатынас білдіру, сөз бен істің бірлігін күнделікті өмірдің қалыпты ісі екендігін қалыптастыру. Информатикадан сыныптан тыс жұмыс та оқушыларды ақпарат пен программалық құралдарды қолданудың құқықтық нормаларымен таныстыру керек.
Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар тұлғаның жан-жақты дамуы міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Егер мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдағы пәндердің аз ғана орын алатынын ескеретін болсақ, бұл әрекеттік маңыздылығы ашық көрінеді.
Мектеп эстетикалық тәрбиенің жалпы міндеттерін шешеді: эститикалық сезімдерін қалыптастыру, әдімілікті қабылдай білу, қоршаған ортаға әдімілікті көрсету; сұлулық пен табиғат, қоғам, адамның іс-әрекеті, шығармашылық қабілеттері, біліктілік пен дағдылары жайлы дұрыс көзқарастарын дамыту; көркемдік көзқарастарын кеңейту; оқушыларды өнердің түрлі саласымен таныстыру. Бұл міндеттерді көркемдік шығармашылықта тәрбиелеу мен оқушыларды көркемдік іс-әрекеттердің барлық түріне баулу қажеттілігімен шешуге болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектепте бірдей емес. Оған келесі факторлар әсер етеді:

  • мектептің өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы, мектеп сыныптан тыс жұмыс кезінде танымдық аспектілер қалыптастыратын пәндік кәсіпке ие. Көркемдік, экономикалық, физика-математикалық және т.б. мектептегі және сыныптағы тәрбие кәсіпке сай;

  • жас ерекшеліктері, сыныптың, оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;

  • компьютерлік техниканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, информатика кабинетінің жабдықталуы және т.б.;

  • мұғалімнің өзіндің ерекшеліктері, қызығушылықтары, баптаулары. Егер мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізгісі келсе, онда ол сыныптан тыс жұмыс мазмұнын сол мақсатқа жетуге бағыттап жасайды. Басқа мұғалімге оқу үдерісі кезінде оқушы тұлғасын қалыптастыру маңызды, сондықтан сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық, шығармашылық іс-әрекетке бағытталған приоритеттер береді.

Информатика мен компьютерлік техниканың жылдам дамуына информатикадан сыныптан тыс жұмыс мазмұны әсер етеді. Сонымен қатар сыныптан тыс әрекеттің көлемі, оның қиындық деңгейлері, оқушылардың даму деңгейлері маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет