Бидайбеков Е


Алгоритмдік мәдениет →Компьютерлік сауаттылық→Ақпараттық мәдениет→?



бет29/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87
treatise13514

Алгоритмдік мәдениет →Компьютерлік сауаттылық→Ақпараттық мәдениет→?

Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті. Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның «машиналық» нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді. Сонымен бірге, «ақпараттық мәдениет» термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты. Айтылғандар оқушылардың ақпараттық мәдениеті уақытпен шектелмеген тұрақты даму барысында компоненттермен толықтырылып, ұдайы даму үстінде болатындығын және бұл өз кезегінде мектепте жалпы білім беру талаптарының қазіргі ғылым мен практиканың дамуына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Мәселен, байланыс арналары мен компьютерлік коммуникацияның бір мезгілде дамуы «ақпараттық мәдениет» ұғымының мазмұнына коммуникациялық технология туралы түсінік енгізу, қазіргі ақпараттық қоғамдағы әрбір адамның жалпы мәдениетінің міндетті элементі болып табылады [35, 45, 47 және т.б.]. Информатиканы мектепте оқытудың мақсатына түзетулер енгізу келешекте қарастырылатын басқа да үдерістер мен жағдайларға өз ықпалын тигізеді.


Информатиканың орта мектептерге арналған оқу құралдарының [4], [6], [14], [21] бiрнеше нұсқаларына өткiзiлген байқаудан кейiн информатика саласынан оқушыларға бiлiм беру мазмұны, мақсаттары кейбiр бөлiмдерде әртүрлi баяндалғандығын байқадық. Мысалы, [21] оқу құралы авторларының бағдарламасына түсiндiрме хатта «жалпы бiлiм беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың негiзгi мақсаты - оқушылардың алгоритмдiк ойлауын дамыту, және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу iс-әрекеттiнiң негiзгi мазмұны алгоритмдердi құру және талдау» деп айтылған [38, 4-б.]. Сол кездерi басқа оқу құралдарының [6] авторлары өздерiнiң бағдарламаларында «өмірге қажеттi есептердi ЭЕМ көмегiмен шығаруды оқушыларға оқыту – курстың негiзгi мақсаты болып табылатындығын» баяндайды [38, 32-б.]. Сонымен информатиканы оқытудың [14] мақсаттарына әдеттегiден тыс түсiнiк берiледi – «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс iстеу шеберлiгi: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, iздеу, жинау және компьютерлiк программалармен жұмыс iстеу» [13]. Елімізде жарық көрінген бірқатар оқулықтарда информатиканы оқытудың мақсатын ақпараттық процестерді ұйымдастырудағы қол жеткізген деңгей мен ақпараттық қатынастағы адамдарды қанағаттандырылу дәрежесі, әлемнің тұтас бейнесін көруді қамтамасыз ететін, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, пайдалану, құрудың деңгейі тұрғысынан қарастырған [50, 51, 52] .
Белгiлi авторлардың теріс көзқарас қалыптастыратын пiкiрлерi жергiлiктi орындардың практикалық әрекеттерiнде “анархияны” күшейттi, яғни мұғалiмдер құрастырған авторлық бағдарламалардың пайда болуына алып келдi. Бұл авторлық бағдарламаны құрастырған информатика пәнiнiң мұғалiмi болып қызмет атқаратын инженер мамандар едi. Бұлар өз кезегiнде - Бiлiм Министрлiгi ұсынған, ғылыми-педагогикалық ұжымдар өңдеген бағдарламалар бар бола тұрып одан бейхабар екендiгiн ескермеуге болмайтын. Мұның бәрi “Информатика және есептеуiш техника” пәнiнiң жалпы жағдайын үрейлi күйге алып келдi.
Бұл жағдай бiршама уақыт түсiнiксiз күйде қалды, курстың негiзгi ұғымдарының мақсаты, мiндеттерi, тiптi құрамы мен мазмұны жоғарғы деңгейде еркiн түсiндiрiле бастады. Оқу бағдарламалары әртүрлi бола бастады, көп жағдайда информатиканы ғылым ретiнде көрсете алмайтын бiржақты, тек қана ақпараттың алу, сақтау, өңдеу, беру, қолдану аспектiлерiн үйрететiн пәнге айналдыра бастады [2]. Көптеген жағдайларда оқытудың мазмұны қарапайым практикалық программалауға (Бейсик, Паскаль, Си және т.б.), шектен тыс информатиканың технологиялық аспектiлерiне қызығушылыққа бағытталды, ал бастапқы бағыты іргелі жалпы бiлiм беру негiзiнiң дамуы тежелу күйiне ендi.
Сонымен, мәселе жоғарыда айтылған қысқа уақыттың, ұйымдастырушылық шығындарымен түсiндiрiлген дағдарыс жағдайлар уақыт өте келе дұрыс жолға түсе бастады. Оқушыларға информатиканы оқытудың алғашқы мақсаттарының тұрақсыздық күйге ену негiзiне терең және қиын жойылатын қарама-қайшылық жатады.
Мектепке енгiзiлген «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» курсын ең басында қабылданған шешiм бойынша мектептiң екi жоғарғы класында орналастыру мектептегi информатика тұжырымдамасы авторларының пiкiрiнде емес, практикалық жағдайларға байланысты жүзеге асырылды, себебi мектептiң базасының жоқтығы, мұғалiм мамандардың дайын болмауы мектептiң оқу жоспарына информатиканың тереңдеп енуiне керi әсер еттi. Дегенмен, 1990 жылдардың ортасына қарай-ақ «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» пәнін мектептiң тек жоғарғы сыныптарында ғана оқытудың жеткiлiксiздiгi айқын белгiлi бола бастады, сондықтан бұл парадигма ресми стратегия ретiнде өзiн көрсете алмады.
Сонымен, орта мектепте информатикадан үздiксiз бiлiм беру мақсатында оны оқыту төменгi сатыларға түсiрiлдi. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңдi қамтыды (қамту ұсынылды):
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет