6-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ (АКТ) ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері
Жалпы білім беру мектептерінде қазіргі АКТ экспансиясына алып келетін білім беруді ақпараттандыру оқушылар мен мұғалімдержің қызмет түрлері мен әдістерін өзгертеді. Алайда, мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын меңгеру деңгейлері әртүрлі болады.
Неғұрлым АКТ-ні жақсы меңгеретін мектептегі педагогикалық ұжымның бөлігі, яғни өз кәсібіне байланысты информатиканың әдістері мен тәсілдерін оқып, қолдана алатындар - бұл информатика мұғалімдері.
Практика көрсететіндей, мектептегі білім жүйесіне жаңа дидактикалық идеяларын енгізілуімен қатар, АКТ-ні енгізу үдерісі жаңа, тіпті күтпеген идеяларды тудыруға мүмкіндік жасайды, сондай идеялар бекітілген оқыту үдерісінің формалары мен әдістеріне әсер етеді. Сондай-ақ АКТ тәсілдерін оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуі дидактикалық принциптерге негізделуі керек.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар тиімді ақпараттық ортаны жасауға мүмкіндік береді, ол түрлі әдістемелік оқыту жаттығуларын орындауда қолданылады.
Бұл АКТ анықталған дидактикалық мүмкіндіктерді қамтитынын білдіреді.Олар[7]:
оқушылар мен АКТ құралдарының арасында кері байланыс тоқтамайды;
объектілер, үдерістер мен құбылыстар, шын өтілетіндермен қатар виртуальды құбылыстар туралы оқыту ақпаратының компьютерлік визуализациясы;
үлкен көлемді ақпаратты сақтау және оған оңай кіру мүмкіндігі;
оқытылатын немесе зерттелетін құбылыстар мен үдерістерді компьютерлік модельдеу;
есептеуіш, ақпаратты іздеу қызметтері үдерістерінің автоматизациясы, оқыту тәжірибесінің нәтижелерін өңдеу;
оқыту қызметінің басқару үдерістерін автоматтандыру және оқу материалын меңгеру нәтижелерін бақылау;
Төменде айтылатын мүмкіндіктерді айқындау оқушылардың ақпаратттық қызметінің жаңа түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
құбылыстар, үдерістер сондай-ақ шын өтіліп тұратын құбылыстар туралы зерттелетін ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, өңдеу және алуан түрлі, кең көлемді ақпаратты жіберу;
әр түрлі объектілер мен үдерістердің, құбылыстардың моделін экранында бейнелеуді басқару;
түпнұсқалық ақпараттық өнімді ашу;
интернет желісіндегі ақпараттық ізденіс және ақпараттық байланыс;
аудиовизуалдық және компьютерлік оқу құралдарымен интерактивті сұхбат құру;
оқу қызметінің нәтижелеріне өзіндік автоматтандырылған бақылау жасау;
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дидиктикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, білім алушылардың оқу үдерісіне ақпараттық қызметтің жаңа түрлерін қосу арқылы оқытудың инновациялық модельдерін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |