Бидайбеков Е



бет78/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   87
treatise13514

Олимпиадалар. Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар. Пәнаралық байланыс орнату мен пәнге қызығушылық арттыруда үлкен рөл атқарады. Олар бір пән бойынша немесе бірнеше пән біріктіріліп өткізіледі, олар сол пәннің тығыз білім аумағымен байланыс орнатады (математика, физика, технология). Оқушылар жаңа материалды тек қана ойын түрінде ғана емес, сонымен қатар, қосымша әдебиеттер мен Интернет желісін пайдаланып, зерттеушілік жұмыстар не болмаса, берілген тақырып бойынша жобалық жұмыстар орындайды. Берілген тақырыптар мен кештер түрлі топтағы оқушыларды қамтып, әрқайсысы өз күштерін қоса алады. Мүмкін тақырыптар: «Информатика және техникалық процес», «Информатика және менің мамандығым», «Информатика әскери техникада» және т.б.таңдалған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Декада (апталық, айлық) кезінде викториналар, конкурстар, конференциялар, т.б. шаралар өткізіледі, мұның соңы жоғары оқу орындарының ғалымдарын, программалаушыларын шақырумен және ерекшеленгендерді марапаттаумен аяқталады.
Байқау. Информатикадан қоғамдық көрмеге барлық оқушылар қатыстырылады; әрбір топ апта сайын әртүрлі көрсеткішпен бағаланады. Нәтижесінде пән бойынша үлгерім сапасы мен үйірмеге қатысушылар саны артады. Байқау – оқушылардың жаппай жұмыстың жарыстық формасы. Олардың міндеті – қорытынды жасап, ең жақсы тәжірибені тарату, олардың мамандандырылған бағытын күшейтіп, үйірмелер ұйымдастыру, оқушыларды шығармашылық ізденіске тәрбиелеу, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарға тарту.
Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір түрі – информатикадан шығарма. Бұл оқушылардың информатикадан қызығушылығын арттырудың тамаша құралы, бұл олардың материалды меңгеру дағдыларын қалыптастырып, өткен материалды өз бетінше қайталауға үйретеді. Тапсырма ретінде оқушыларға мектеп информатика курсынан қандай да бір теореманың дәлелдеуін өз бетінше келтіруді ұсынуға болады. Дәлелдеу ойын мұғалімнің өзі өрбітіп бере алады. Сонымен қатар информатикаға аса қатты қызығушылық танытатын оқушылармен жеке тапсырмаларды ұйымдастырып, тапсырып отыруға болады.
Ауызша журнал – сыныптан тыс жұмыс формасы, ол оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге көмектеседі, олар – жекеленген тақырыптарға ауызша хабарламалар болуы мүмкін, олар парақшалар ретінде ұйымдастырылады, бұл өткізілу ерекшелігімен айқындалады.
Ауызша журнал тақырыптық немесе бейнелік сипатта болуы мүмкін, яғни бір сұрақты, бір тақырыпты немесе түрлі мәселелер кешенін бейнелейді.
Ауызша журналды өткізудің түрлі формалары да бар: оқушыларға хабарлама; қонақтардың сөз сөйлеуі; сыныптық өмірдің көңілді сахналануы; карикатуралар, достық шаржалар, және т.б. Мұнда тіпті мектептік медиатекада қолданыла алады.
Ауызша журналды өткізу мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, журнал дайындау мен өткізу арманын тудыру керек. Мұғалімнің көмегі бастапқыда қажет болады. Көмек сипаты оқушылардың ауызша журналды өткізуіне байланысты өзгереді: мұғалім журнал мазмұнын анықтауға қатысады, ал оқушылар оны жүргізеді; оқушылар әрекеті өз бетіншілік сипатқа ие болады.
Тіпті ауызша журналдың тұрақты кеңесшісін таңдауға болады. Ол басқа пән мұғалімдері немесе ата-аналар болуы мүмкін.
Факультативтік сабақтар. Информатикадан факультативтік сабақтардың басты мақсаты – оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен қабілеттерін арттыру, информатикадан өз бетіндік жұмыстарға баулу, шығармашылық пен талап, ниеттерін дамыту мен тәрбиелеу.
Информатикадан негізгі курс бағдарламасы факультатив сабақтар бағдарламасымен сол пәннен берілген сыныпқа жоғары деңгейлі бағдарлама құрады.
Информатикадан факультатив сабақтардың бағдарламасы мектептегі информатиканың негізгі курсының тақырыптарын жекелеп өтуге негізделеді. Информатикадан факультативті сабақтар тиімді болуы үшін оларды жоғары дәрежелі мұғалімдер бар жерде ұйымдастырған жөн, себебі олар 15 адамнан тұратын оқушылар тобында сабақты жоғарғы ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді.
Егер мектепте сыныптар толық болмаса (әсіресе ауыл мектептеріне тән), онда оқушылар тобында факультатив сабақтарды олардың информатикаға қызығушылықтарына байланысты біріктіріп жіберуге болады.
Факультатив курстарға жазылуы оқушылардың еріктері мен қызығушылықтарына байланысты болады. Факультатив курс аяқталғаннан соң, оқушылар сынақ (бағасымен) тапсырып, аттестатқа бағасы қойылады. Мұғалім факультатив сабақ сапасына толық жауапты болады. Факультатив сабақтар сабақ кестесіне кіргізіліп, мұғалімдерге ақы төленеді.
Информатикадан факультатив сабақтар өткізу сыныптан тыс жұмыстың басқа түрлерін (кештер, үйірмелер, олимпиадалар және т.б.) қолдануды шектемейді.
Информатика пәніне қызығушылық танытатын және қабілетті оқушылармен аптасына 1-2 сағат жұмыс істеу – саралап оқыту деп аталатын информатиканы оқытудың жаңа түрін тудырады. Факультатив сабақтар оқытуды саралаудың бір түрі болып табылады.
Информатикадан факультатив сабақтар оқушыларға қызық, тартымды, мағыналы болып құрылуы керек.
Информатикадан факультатив сабақтар өткізудің негізгі формасы әр сабақтың екі бөлікке бөлінуінде. Бірінші бөлім – жаңа материалды меңгеріп, теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалармен өз бетінше жұмыс жасауға арналған. Бұл бөлім аяқталған соң, оқушыларға теорияны оқып, үйренуге үй тапсырмасы беріледі. Екінші бөлім – қиындатылған есептер шығаруға арналған, олар қиын, әрі қызық есептерді талқылайды.
Факультатив сабақтар негізінде информатиканы үйрену (оқыту емес) әдістері мен оқытудың проблемалық әдісін қолданады.
Нақты уақытта информатикадан факультатив сабақтар үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: а) программалауды үйрену; ә) компьютерлік технологияны меңгеру; б) компьютерлік технология негізінде әрекеттің қолданбалы саласын меңгеру. «Информатика курсының қосымша сұрақтары» бағдарламасының мазмұны оқу материалын тереңдетіп оқуға мүкіндік береді, оқушыларды қазіргі заманауи ойлармен таныстырып, информатика қосымшасын практикада ашады, мұғалімді жаңа бағдарламаға үйретеді.
Мектеп баспасы. Сыныптан тыс жұмыстың бұл түрі «қабырға газеті» түрінде таныс. Қабырға газетін шығару үшін информатикадан үйірме болу міндетті емес. Кейде газеттер үйірме басқаруымен шығарылады. Қабырға газетінің арнайы нөмірі информатикадан мектеп кешіне арнап шығарылады. Мұндай газеттің негізгі мақсаты – үйірмеге қатыспайтын оқушылардың білімін жетілдіріп, олардың информатикаға деген қызығушылықтарын арттыру, үйірмеге тарту, үйірме жұмысының тәжірибесін дамыту. Қабырға газетіндегі материалдар үйірме мүшелеріне де қызықты болу керек. Газеттің жарты бөлігін үйірмеде қарастырылмайтын материалдар қамтиды. Газеттер үйірме жұмысын толықтырады. Газет шығарушы оқушылар материал іздейді, көптеген әдебиеттермен танысады, таңдалған материалдарды талдайды, бұл оқушыларға үлкен пайда әкеледі. Бұл оқушының дүниетанымын арттырып, сауатын ашады. Газеттің безендірілуі өте әдемі және талғамды болуы керек. Бұл кезде компьютер, атап айтқанда қолданбалы программалар көмектеді.
Үйірме сабағында оқушылар қарастырылатын материалды толығымен меңгереді. Кейбір оқушылар жазбаларында қате жібереді, кейбіреуі бәрін ұмытып қалады. Оқушыларға сұраққа қайта оралуға мүкіндік беру үшін үйірме журналын арнауға болады немесе ақпараттартты үйірменің WEB-сайтына жариялап қоюға болады. Мұнда барлық маңызды ақпараттар: баяндама тезистері мен хабарламалары, оқушылардың фамилиясы, тарихи сипаттағы мақалалар, кітаптар мен журналдың қызық жазбалары енгізіледі. Ол көркем әсемделіп, суреттермен, бейнелермен құрылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет