Биелерді азықтандыру Ерекшеліктері мен денсаулығына әсері Биенің сүт өнімділігі


Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары



бет2/3
Дата07.12.2023
өлшемі24.32 Kb.
#485728
1   2   3
Биелерді азықтандыру (копия)

Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары.


Әрбір жылқысы бар шаруашылық жыл сайын мамыр айынан бастап қазан айына дейін қымыз фермаларында сауатын биелерді үйірден іріктеп таңдап алып, өз алдына үйір жасақтайды. Биелерді мұндай фермаларда күніне 6 рет сауады, ал кешендерде және арнаулы қымыз фермаларында 10 рет саууға болады.


Бие сүтінің мөлшерін есептеп отыру қиын емес.. Биені сауумен бірге, оның құлынының қанша сүт емгенін білу үшін, кейбір ретте тәулік бойы емізбей сауып анықтайды. Биенің тәулік бойына осылай сауу арқылы желіннің бір жартысынан алынған сүттің мөлшерін дәлме-дәл анықтап алуға болады. Ал келесі тәулікте желіннің 2-жартысындағы сүттің мөлшерін қанша екенін осындай жолмен анықтайды. Сөйтіп, желіннің екі жағынан алынған сүтті өлшеп, оларды қосу арқылы биенің бір тәулік ішіндегі беретін сүтінің мөлшерін дәл анықтауға болады, бірақ биені тәулік бойына сауу арқылы оның сүттілігін анықтау – қолайлы әдіс болғанымен, еңбекті тым көп керек ететін, уақыт алатын жұмыс. Сондықтан биенің сүттілігін анықтаудың бұдан гөрі жеңілдеу екі әдісі бар.


Біріншісі – құлынды енесінен бөліп басқа қораға қамайды немесе енесін еме алмайтындай етіп желіге қысқа байланады. Ал бие қақтап сауылады да, әр екі сағаттан кейін қайта сауылып отырады. Сауар алдында биені иіту үшін құлынын жіберіп біраз емізеді. Сауылған сүтті сүт өлшеуішпен немесе үлкен мензуркамен өлшейді. Тәжірибеде көбінесе 12 сағат бойына биені әрбір 2 сағат сайын 6 рет қайталап сауады. Іс жүзінде дәл 2 сағат сайын саууды мүлтіксіз сақтап отыруға әрдайым мүмкіндік бола бермейді. Сүттілікті дұрыс анықтау үшін бақылап саууды қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс.


Екіншісі – құлынның енесін емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағының айырмашылығын анықтап білуге негізделген. Бұл әдіс бойынша да құлын енесінен бөлек оңаша жерге байланып, енесін емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағы жазылып отырады. Құлынның енесін әрбір емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағының арасындағы айырмашылық биенің тәулігіне беретін сүттілік көрсеткіші болып саналады. Дұрыс нәтиже алу үшін сүттілікті анықтау жұмысын үзбей жүргізіп отыру керек, ал феермаға биелерді іріктеп алғанда, мұндай анықтау ісін 1-2 күн жүргізудің өзі жеткілікті. Жоғарыда айтылған әдістерді жүргізу үшін фермада құлындарды өлшеп отыратын арнайы таразы болу керек. Биенің сүттілігіне көптеген жағдайлар әсер етеді. Оларға малдың тұқымы, сауылып жүрген уақыты (жыл мезгілі), денсаулығы, азықтандыру, биені саууға әзірлеу, сауу әдісі, т.б. жатады. Бүгінгі танда Қазақстанда өсірілетін әр түрлі тұқым биелерінің өнімділігін анықтағанда, олардың сүтті болып келетіндігін көреміз.


Құлындаған кезенде қарай биелердің өнімділігі ауытқып отырады. Мысалы, қазақ жылқысының биелерінің ерте құлындағаны (наурыз-сәуір) 2846 л сүт береді, ал мамыр айында 2629 л сүт сауылады. Биенің сүттілігі жасына қарай да өзгеріп отырады. Мәселен, жылқы зауытының қымыз фермасында жүргізілген байқаулар ауыр жүк тартатын биелердің сүттілігі 10 жасқа дейін артып, сосын біртіндеп төмендей бастайтындығын көрсетті. Ал кейбір биелер сүттілігін, тіпті, 18 жасында да сақтайды.
Жаңа қырғыз жылқысының және олардан алынған будандардың сүттілігі 15 жасқа дейін артқан.Қазіргі кезде сауын жылқы шаруашылығын ұйымдастырудың екі түрі бар. Оның бірі – кешенді арнайы ұйымдастырылған қымыз фермалары, екіншісі – жылқы өсіретін аудандардың маусымдық фермалары.


Маусымды қымыз фермалары жылқыны жайылымда бағатын аудандар үшін ғана емес, сонымен қатар жылқыны қолда және қора-жайылымда ұстайтын шаруашылықтар үшін де қолайлы. Мұндай фермаларда қымыз 4-5 ай бойы өндіріледі. Осы уақытқа арналып үйірлі жылқыдан сауын биелер іріктеп алынады, сауын аяқталғаннан кейін биелерді өз үйірлеріне қайта қосады. Биелер көбінесе жайылымда бағылады, бұл өнімнің өзіндік құнын кемітеді. Биелер құлындарымен түнде жайылымда болып, күндіз сауын кезінде суат маңайында немесе жаппа базаларда иіріледі. Бұл кезде құлындар бөлініп, аулада топ-тобымен бағылады немесе желіге байланады. Арнаулы бөлмелері жоқ фермаларда қымыз киіз үйде ашытылады. Өнімді дайындау орындарына тапсырған кезде сүт саумал күйінде болуы тиіс, оны дайындау орындары арнайы жабдықталған цехтарда қымыз етіп қайта өңдеу үшін сүт зауыттарына жөнелтеді.


Кешендер мен арнаулы қымыз фермаларын мүмкіндігінше ірі қалалар мен өндіріс орталықтарына жақын жерлерге орналастырған жөн. Мұндай қымыз фермаларында сауын биелер, айғырлар және құлындар тұратын арнайы қоралар мен қымыз ашытылып, әрі сақталатын үйлер болады. Сондай-ақ, биені саууға арналған сауын залы немесе арнаулы сауын алаңдары да осы жерге орналасады.Жыл бойы сауылатын арнаулы фермаларда биенің сүттілігі 1000-1700 кг болды. Мұның өзі маусымды қымыз фермасындағы сүт өнімінен екі есе артық екенін байқаймыз.Жылжымалы сауу әдісін маусымды қымыз фермаларында қолданып қана қоймай, сонымен бірге осы арнаулы фермалардың жайылымында бағылатын биелерді сауу үшін де пайдалануға болады, бұл қондырғыны тасымалдау да онша қиынға түспейді.


Х.Дүйсембиннің бақылауы бойынша, С витаминінің мөлшеріне табиғи жағдайлар (жайылым, жарық, ауа т.б.) әсер етеді екен. Сүттен қымыз ашытқанда А витаминінің мөлшері өзгермейді, ал С витамині біршама азая түседі, мұның өзі қымызды піскен кезде аудағы оттегінің әсерінен болуы мүмкін.Көптеген зерттеушілер қымыздың дәрілік қасиетін, онда С витаминінің көп болуымен байланыстырады.Бие сүті Д витаминіне бай. Бұл витамин күн сәулесінің ультракүлгін сәулелердің әсерінен түзеледі.Бие сүтінде Е витаминінің мөлшері (Р.Давыдов пен Т.Ермакованың мәліметі бойынша) бір литрде 0,65-1,05 мг шамасында болады. Е витамині малдың қалыпты өсіп-жетілуі үшін қажет. Ол жеткіліксіз болса, малдың ұрықтану қабілеті жойылады.Холестерин алмасуын реттеуге қатысатын Г витаминінің де маңызы зор. Мәселен, майдың физиологиялық құндылығы ең алдымен ондағы Г витаминінің (линол, линолен және арахидон қышқылдары) болуына байланысты.Бие сүтінде, сонымен қатар В тобына жататын маңызды витаминдерден – тиамин, рибофлавин, никотин және пантотан қышқылдары, биотип, фолий қышқылы, В12 витамині және т.б. бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет