Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


жылғы ұлттық-территориялық межелену саясаты және қазақ жерінің жаңадан белгіленуі



бет11/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
Тарих билет

2.1924 жылғы ұлттық-территориялық межелену саясаты және қазақ жерінің жаңадан белгіленуі.
Ұлттық-аумақтық межелеу , ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді. Олар Түркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді. Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Атап айтқанда, РКФСР құрамындағы барлық кеңестік республикалар мен облыстар құрылды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде Қазақ АКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады. Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын ҚазақАКСР-і құрамына қосу қажеттігі туралы мәселе жүйелі түрде көтерілді. Қажетті саяси және экономикалық жағдайлардың қалыптасуына қарай Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі күрделі жұмысқа тікелей кірісу мүмкіндігі туды. Мұндай межелеу, бірінші кезекте, өңірдегі әрбір халықты ұлтқа ұйыстыру процесін күшейту мен орнықтыру үшін қажет болды. Осы ретте, Орта Азияда межелеуге дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың (Түркістан АКСР-інің, Бұхар және Хорезм халық республикаларының) революцияға дейінгі (1917 жылғы қазанға дейінгі) Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхар әмірлігі мен Хиуа хандығы әкімшілік шекарасында құрылғанын және Орта Азияның негізгі халықтарының этникалық орналасу шекарасына сәйкес келмегенің, Түркістан АКСР-інің (1918 жылғы мамыр), Хорезм (1920 жылғы сәуір) және Бұхар (1920 жылғы қазан) республикалары құрылуының этникалық жағдайды өзгертпегенін атап өткен жөн. Орта Азиядағы бірде бір халық осы республикалар тұрғындарының тұтаса орналасуын қамтамасыз ете алмады. Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық даму процесі ұлт болып ұйысумен бірге Орта Азия халықтарының ұлттық мемлекеттілігін құру үрдісін де күшейтті. 1924 жылғы қаңтарда Қазақ АКСР-інің үкіметі іс жүзінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандарын Қазақстанға қосу туралы мәселе көтерді. Орта Азияны межелеуге Түркістанның барлық тұрғылықты халықтары мүдделілік танытты. 1924 жылғы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы межелеу туралы мәселені алдын ала қарап, РК(б)П ОК-нің хатшысы Я. Рудзутаққа Ташкентте осы мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды. Кеңес 1924 жылғы 10 наурызда өтті. Онда «Түркістанды ұлттық-аумақтық межелеу туралы» Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы А. Рақымбаев баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу қажеттігінің басты себептерінің бірі ретінде Түркістан АКСР-ін, Хорезм, Бұхар халық республикаларын қамтыған өңірде ұлтаралық қатынастардың ушығып отырғанын атады. Осы пікірін дәлелдеу үшін ол Түркістан Республикасы қазақтарының 1921 жылғы съезінде өздеріне автономиялық республика беру, сондай-ақ РК(б)П-ның 1922 жылғы XI съезінде Қазақ АКСР-іне Түркістанның қазақ аудандарын қосу туралы ұсыныстарын, Қазақ АКСР-і басшыларының РК(б)П ОК-нің алдына бірнеше қайтара қойған талаптарын, Орта Азия түрікмендерінің өз республикасын құрғысы келетінін және т.б. фактілерді келтірді. Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеудін тағы бір себебі КСРО-ның большевиктік басшыларының өңірде ұлттық республикалар және ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының басқа да нысандарын құру арқылы олардың қай-қайсысында болсын таптық қарама-қайшылықты күшейту, сөйтіп әр түрлі әлеуметтік топтардың, әр түрлі халықтардың бірлігіне сүйенген бастамашылық қозғалысты әлсіретуге тырысуы болып табылады.. Өз баяндамасында А. Рақымбаев бұл туралы ашық баяндады. Ол былай деді: «Біздің партияның көзқарасы тұрғысынан алғанда мұндай ұйымдардың (яғни біртекті ұлттық республикалар құру. - авт.) пайдалылығы мынада, егер өзбек кедейлері өзбек кулактарымен, түркімен кедейлері түркімен, қырғыз кедейлері қырғыз кулактарымен күресетін болса, онда бізде таптық күрес ұлттық дәстүрмен тұншықтырылмайтын болады». Кеңеске қатысушылардың көпшілігі межелеу ісін қолдады. Басқа бағыттағы да ұсыныстар болды. Мәселен, Орта Азия экономикалық кеңесінің төрағасы М. Паскуцкий өңірдің «экономикалық тұтастығының» тиімділігін алға тартып, Орта Азияның барлық республикаларын біріктіруді талап етті, сөйтіп шын мәнінде Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеуге қарсы болды.М. Паскуцкийдің, С. Қожановтың және олардың кейбір жақтастарының ұсыныстары іс жүзінде Түркістан АКСР-ін, Хорезм мен Бұхарды Закавказье Федеративтік Республикасы сияқты етіп саяси біріктіруді қарастыратын еді. Кеңес М. Паскуцкий мен С. Қожановтың пікірін қолдамады.. 1924 жылғы сәуірдің соңында РК(б)П ОК Орта Азия бюросы мен Түркістан Компартиясы ОК-нің бірлескен отырысында үш шағын: қазақ, өзбек және түрікмен комиссияларынан тұратын Орта Азияны межелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Жобаларды әзірлеу барысында комиссияның жекелеген мүшелері Орта Азия республикаларының федерациясын құру туралы да айтты, бірақ мұқият талкылаудан кейін федерация құрмай-ақ, Орта Азияны межелеу жөнінде шешім қабылданды. Орта Азияны межелеу жөніндегі комиссия материалдарды қарап, РК(б)П ОК Орта Азия бюросы 1924 жылғы 12 мамырда екі одақтас республика – Өзбек және Түрікмен республикаларын және екі автономиялық облыс - Өзбекстанның құрамында Тәжік, РКФСР құрамында Қарақырғыз облыстарын құру, ал Түркістанның қазақ аудандарын Қазақ АКСР-інің құрамына енгізу туралы шешім қабылдады. Комиссиянын материалдары және РК(б)П OK Орта Азия бюросының осы шешімі партияның Орталық Комитетіне жіберілді. 1924 жылғы 12 маусымда РК(б)П ОК-і Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы қаулы қабылдады. Аумақтық комиссияның құрамында бірқатар шағын комиссиялар: саяси, экономикалық, статистикалық және бірнеше ұлттық комиссиялар құрылды. Олардың құзыретіне: саяси салада — жаңадан құрылатын республикалардың конституцияларын, жаңа ұлттық республикалардың шарттары мен декларацияларының жобаларын дайындау; мемлекеттік аппараттың ұйымдық және құрылымдық мәселелерін әзірлеу; жаңа республикалар Кеңестерінің құрылтай съездеріне баяндамалардын тезистерін дайындау; экономикалық салада - жаңа шекараларында ұлттық республикалардың мемлекеттік бюджеттері мен шаруашылық жоспарларының жобаларын жасау; кредитті ұйымдастыру нысандарын әзірлеу мен белгілеу, банк капиталдары мен ирригация мәселелерінде және т.б. республика үлесін айқындау жатты. 1924 жылдың жаз айларында Орта Азия бюросы кешенді күрделі мәселелермен айналысты, сөйтіп аумақты, сонымен бірге материалдық-қаржылық құндылықтарды бөліске салумен, сондай-ақ жаңа әкімшілік аудандастыру принциптерін белгілеумен байланысты біраз қиындықтарды еңсерді. Межелеуге жатқызылған барлық аудандарда, мұрағат құжаттарының бірінде айтылғандай, «ерекше құштарлықпен және адамдардың мейлінше мол және ықыласты қатысуымен» [9]. қайсыбір халықтар өкілдерінің қызу жиналыстары өткізілді. Осындай талқылаулардың барысында Түркістан АКСР-інде тұратын қарақалпақтар Хорезм республикасының Ходжейлі облысындағы отандастарымен бірігу және Қазақ А КСР құрамында Қарақалпақ автономиялық облысын құру қажеттігі туралы айтты. Ұлттық-мемлекеттік межелеудің ресми деңгейлерде жалғасуы Ұлттық-мемлекеттік межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде де жалғасты. Мәселен, Бұхар халықтық Кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйектегі бесінші құрылтайында: «Бұхар халықтарының ерік-жігерін білдіре отырып, Түркістан мен Хорезмнің өзбектерімен бірге Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім білдіреміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бірауыздан қолдайды» деген қаулы қабылданды. 10 күннен кейін Бүкілхорезм Кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. Түркістан ОАК-нің 1924 жылғы 16 қыркүйектегі III Төтенше сессиясында қабылданған қаулыда былай деп жазылды: «Қырғыз (қазақ. — авт.) халқының жұмысшылары мен диқаншыларының бүкіл ерік-жігерін қолдау үшін ТАКСР-інің киргиз (қазақ) облыстарын Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына біріктіру мақсатында қырғыз (қазақ) халқына ТАКСР құрамынан шығуға құқық берілсін». Жаңадан құрылған республикалар мен облыстар өкілдерінің қатысуымен РК(б)П ОК Саяси Бюросының 1924 жылғы 11 қазанда өткен кезектен тыс отырысында жаңа республикалар мен облыстар бойынша мемлекеттік қорлар мен капиталы экономикалық межелеу мен бөлу тәртібі айқындалды. Шешімде Ташкент жөніндегі дауға нүкте қойылды (бұған дейін қазақ пен өзбек халықтары өкілдерінің арасында осы қала туралы айтыс болып келген еді) - Ташкентті Өзбек КСР-іне жатқызу бекітілді. Осы өкілетті кеңесте, сондай-ақ Өзбекстан құрамында Тәжік АКСР-ін құру туралы мәселе шешілді, ал Памир туралы мәселені әзірлеу арнаулы комиссияға тапсырылды, кейін КСРО OAK Төралқасының ұсынысымен Тәжік АКСР құрамында Таулы-Бадахшан автономиялық облысы құрылды. КСРО ОАК-нің 1924 жылғы 27 қазандағы екінші сессиясында Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу мен «ұлттардың өзін-өзі басқару принципі бойынша» құрамындаТәжік АКСР-і кіретін Өзбек КСР-ін,Түркімен КСР-ін және РКФСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысын құру туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес, этникалық қазақтардың бір бөлігін қамтитын Түркістанның жекелеген өңірлері Қазақ АКСР-інің құрамына қосылды. КАКСР-інің құрамына жаңадан құрылған Қарақалпақ облысы кірді. Жаңа республикалар мен облыстардың құрылуына байланысты Түркістан, Бұхар және Хорезм Орталық атқару кеңестері 1924 жылғы қарашадағы сессиясында өздерінің қызметін тоқтататыны туралы шешім қабылдады. Республикалар мен облыстарды экономикалық межелеу және жекелеген ұйымдар мен мекемелерді тарату үшін Орта Азияда уәкілеггі Еңбек және Қорғаныс Кеңесі жанынан Тарату комитеті құрылды. Бұрынғы республикалар құрамынан бөлінген аумақтарды уақытша басқару және жаңадан құрылатын республикалар мен облыстар кеңестерінің құрылтай съездерін әзірлеу уақытша билік органдарына - революциялық комитеттерге (ревкомдарға) жүктелді. 1924 жылғы 21 қарашада Қазақ АКСР ОАК-і ТАКСР-інен Қазақ АКСР-І құрамына берілген аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитет туралы Ережені бекітті. Ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР-інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз бөлігі Қазақ АКСР-інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды КАКСР-інің үкіметі құрған, жоғарыда аталған ревкомдар жүзеге асырды. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР-іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекараларын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылғы ақпанда Төркүлде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілгені заңды түрде ресімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар КАКСР-іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек (Бішкек) уезінің Георгиев, Шу, Қаранөкіс болыстары қосылды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы 700 мың шаршы шақырымға, яғни үштен біріне ұлғайды, сөйтіп 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, ал халқы 1468 мың адамға өсіп, республикадағы жалпы саны 5230 мың адамға жетті. Халықтың 1926 жылғы санағы бойынша қазақтар бүкіл республика халқының үштен екісіне жуығын (61,3%) құрады. 1925 жылғы 6 сәуірде БОА К Төралқасы Орынбор губерниясын Қазақ АКСР-і құрамынан шығару туралы қаулы қабылдады, сөйтіп аумақтық-экономикалық мәселелерді нақтылауды БОАК-тің арнаулы комиссиясына тапсырды. Қазақ АКСР-і құрамынан бөліп шығарылған Орынбор губерниясына оның басым бөлігін орыс халқы құрайтын аудандар мен Орал губерниясы Елек уезінінбір бөлігі қарады. Қазақ АКСР-інің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың бас кезіне аяқталды. Қазақ АКСР-і енді Адай уезін (губернияға тенестірілген), Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу, Сырдария губернияларын және Қарақалпақ автономиялық облысын біріктірді. 1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасында Кеңестік Қазақстанның V съезі өтті. Съезд байырғы халықтың - қазақтардың тарихи атауын қалпына келтірді, Қырғыз А КСР-інің аты Қазақ Автономиялық Кеңес Республикасы деп өзгертілді. . 1937 жылы наурызайында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі Қазақ КСР Конституциясын бекітті. КСРО жаңа Конституциясы жаңа республикалық одақтық конституцияларды қабылдаумен тікелей байланысты болды. Онда да, одақтас республикалар құрылымы мен мазмұны КСРО Конституциясымен бірдей болды. Осынау құжатта деклорацияланған барлық құқық атаулыға қарамастан, республикалар нақты тәуелсіздікті және де өзін-өзі басқаруды да ала алмады. Қалай дегенмен, Қазақстанның суверенитеты формалды түрде мойындағанның өзінде және оның жерін заң жүзінде бекітіп беруі біздің мемлекетімізде өте үлкен рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет