Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің “Кіші Қазан” идеясы және тап күресі



бет2/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Тарих билет

2. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің “Кіші Қазан” идеясы және тап күресі.
Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.
Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.
Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынста көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты.


3. ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстан үшін маңызы.
ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің еліміздің Астанасында өтуінің өзі ұлттық беделді көтерері сөзсіз және бұл идеяның авторы елбасы Н.Назарбаев еді. 2012 жылы дауыс беру рәсімінен кейін 2017 жылғы көрмені өткізу мәртебесі Астанаға бұйырып, одан бері көптеген жұмыстар атқарылды: «Астана ЭСКПО-2017» ұлттық компаниясы құрылды, Тіркеу парағы бекітілді, ең үздік көрме кешені үшін халықаралық сәулет сайысында жеңімпаз анықталды, ЭКСПО-ны өткізу және ұйымдастыру туралы заң қабылданды. Алғаш рет Қазақстан 2005 жылы Жапонияда «Табиғат даналығы» атты ЭКСПО көрмесіне қатысқан болатын. Кейін 2008 жылы Испанияда «Су және тұрақты даму» атты көрмесінде алғаш рет Н.Назарбаев осы шараның қазақ жерінде де өткізу туралы алғаш сөз қозғаған болатын.
Жаңа тапсырмаларды жедел шешу үшін 2012 жылдың 26 қарашасында Елбасының «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және өткізу бойынша Мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы шықты. Көрме кешенін салуға әлемнің 50 ден аса сәулет компаниялары сайысқа түсіп, құрылысты салу мүмкіндігін американдық «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясы алды. Бекітілген жоспар бойынша барлық құрылыс нысандары 2016 жылдың желтоқсан айында орналасуға беріле бастады.
Барлығы жоба бойынша 38 құрылыс нысаны бой көтерді. Көрме кешенінің жалпы аудан 174 гектарды құрайды, оның ішінде сфера іспеттес ғимарат Қазақстанның Ұлттық Павильоны болып табылады, одан басқа халықаралық, тақырыптық және копоративті павильондар, сауда және ойын-сауық нысандары да барЖалпы Қазақстан барлығы құрылыс жұмыстары мен көрмені өткізуге 280 миллион евро ақша жұмсады.
Оның барлығы демеушілер мен серіктестердің қолдауынан, сонымен қатар билеттердің сатылуынан (5 миллион адам көрмені көреді деп күтілуде) жүз пайыз қайтарылады деп қарастырылған. ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысында Президент отандық экономика ресурстарын, шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін, ішкі өнеркәсіптерді пайдалануды тапсырды.
Яғни, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық, электронды коммерция, қонақүй және туристік бизнес, концерттер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруды тек отандық өндірістердің ғана жүзеге асыруын қадағалайтынын айтты.


Билет 2

  1. ІІ-Мемлекеттік Думаға Далалық өлкеден сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі.

  2. ХХ ғасырдың 50-60 жж. Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуы.

  3. Қазақстан Ресепубликасының Ұлттық теңгесінің айналымға ену тарихы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет