2. XX ғасырдың 50-60 жж. Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуы.
1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта кұру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаң-сытуға және одақтас республикалардың шаруашылық саяси - мәдени кұрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты.
Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомғадейін жетті.
1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия өнеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село кұрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық республикалық болып қайта кұрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердін құқтары бұрынғыға қарағанда едәуір өсті. Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды.
Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрынғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын Экономикалық комиссия кұрды.
Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде, оның ішінде халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, қаржы-бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.
Одақтас республикалар құкықтарының кеңеюіне байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметінің белсенділігі артты, оның республикадағы шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыска іс жүзінде басшылық етудегі рөлі әжептәуір өсті. Сессияда қаралатын мәселелердің шеңбері кеңейді.
Достарыңызбен бөлісу: |