3.Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы инновациялық даму саясатының мәні мен маңызы.
Қазіргі кезде инновациялық типті экономиканы дүние жүзінің көптеген елдері қолдануда. Көптеген аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік экономикада көш бастап келетін АҚШ-ты атап өтуге болады.
Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады. Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:
- инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;
- өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;
- кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;
- отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:
- өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;
- халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды.
Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады.
Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен – индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі – үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру деп аталады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:
1. Агроөнеркәсіп кешені;
2. Құрылыс саласы;
3. Мұнай өңдеу;
4. Металлургия;
5. Химия өнеркәсібі және фармацевтика;
6. Энергетика;
7. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.
Қазақстанның «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болуы Қазақстанды әлем елдеріне танытудың жаңа кезеңі ғана емес, инновациялық дамудағы қуатты серпінге негіз болады.
Қорыта келе, Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр.
Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі - индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |