Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты



бет19/29
Дата09.07.2023
өлшемі78.96 Kb.
#475596
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
3 емтихан жауаптары

Тұжырымдамалық карта»  

  • Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет,кесте, ойдың түйінді идеясы салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық картаны бергенде, оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады. 

  • «Қар кесегі» әдісі. Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.

  • «Болжау ағашы» Оқушылар мәтіннің тақырыбымен немесе мәтінге байланыстысуреттермен таныстырып алып, мәтін не жайында деп ойлайсыңдар деген сұрақ қойып, жауаптарын стикерге жаздырып ағашқа ілдіреміз немесе осы мәтін не жайында деп ойлайсыңдар соған байланысты білгілерің келген мәселе бойынша сұрақ жазып ағашқа іліңдер деп тапсырма беріп, сыни тұрғыдан ойландырып алуға да болады. Соңында мәтінді өз беттерімен оқып, өздерінің ойларын яғни болжауларын дәлелдеп ортаға салғызуға да болады. Бұл өте тиімді әдіс. 

  • «Түйінді сөздер» әдісі. Мұғалім жаңа тақырып ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топқа түсіндіреді.Мысалы: «Ақсақалдар», «Бала Бауыржан» және «Әке» деп бөлінген топтар сабақ соңында осы сөздердің мағынасын ашып, оқыған мәтін бойынша дәлелдеп береді.

  • «Борт журналы» әдісі 5-10 минут мұғалім бүкіл аудиторияға дәріс оқиды. Оқушылар берілген уақыт ішінде өз борт журналдарын толтырады.(түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отыра. Оқушылар жұпта,сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бірінің сұрақтарына бірі жауап береді, түсінбеген жағдайларда мұғалімнен кеңес алады. Борт журналдарын талқылайды.

  • *Осындай жүйелі жұмыстар жүргізудің нәтижесінде оқушы бойында белсенділіктің үш деңгейі де қалыптасады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет