Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты


«Мәтінді зерттеу картасы»



бет20/29
Дата09.07.2023
өлшемі78.96 Kb.
#475596
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
3 емтихан жауаптары

«Мәтінді зерттеу картасы» Берілген мәтіннен кейіпкерге сипаттама береді және олардың іс-әрекеттерін саралап, анықтап, кестеге түсіреді және дәлелдеп, тұжырым жасай алады.

  1. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім беру.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, оқырмандардың экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра біліңіздер.
Аталмыш бағыттағы «Табиғат-сұлулықтың кәусар бұлағы», «Табиғат лебі», «Табиғатым - тағдырым» - сынды экологиялық сағат, «Жасыл әлемге саяхат» - ойын-саяхат, «Қазақстан қорықтары» - ауызша журнал, «Табиғат және Поэзия»-жыр кеші, «Табиғат тамашалары», «Таңғажайып табиғат» - экологиялық лотолар, Семей сынақ полигонына арналған «Апат аймақтары», «Ажал сепкен аждаһа» - экологиялық - танымдық сағаттар, «Туған өлкем - қандай көркем», «Табиғат - тіршіліктің құтты қоныс мекені», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Табиғат – тіршіліктің қайнар көзі», «Қоршаған орта және «Табиғат – тіршілік бастауы», “Қоршаған ортаны қорғайық!”, «Табиғат аясы», «Табиғат әлемі», «Қоршаған орта - қорғаның», «Аралым – арым, Балқашым - бағым», «Өзендер неге өксиді?», «Арал да апат аймағы», «Қазақстан өзендері» «Қазақстан – туған өлкем», «Экологиялық құқық» тақырыптарындағы дөңгелек үстел, интеллектуалдық ойын, экологиялық идеялар байқауы, талқылау, экологиялық мереке, экологиялық әңгіме, пікір алмасу, жарыссөз, брейн-ринг, экологиялық жыр кеші, пікірталас, шолу, әңгіме сияқты шаралар, осы орайда дайындалған тақырыптық папкалар, кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер қолданушылардың туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы білімдерін кеңейту мен экологиялық түсініктерін қалыптастыруға ықпал етіп, олардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,, табиғатты қорғай білуге тәрбиелейді. Бұл жұмыстармен шектелмей, «Экология сақшысы», «Мөлдір бұлақ»сияқты үйірме жұмыстарын да жандандыра аласыздар.
Қоршаған ортаны қорғауды насихатау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруды кең танымал етуде мол түсінік беретін қағаздағы және электронды тасымалдалдаушылардағы ақпараттар мен Интернет қызметін де ұсына, бастауыш сынып оқушыларының туған өлке, оның байлығы мен алуан түрлі табиғаты турасында білімдерін кеңейте түсесіздер.
3 . Дүниетану сабақтарында өлкетануматериалдарын пайдалану жолдары.


Өлкетану негізінде оқушыларда экологиялық тәрбие беру олардың дүниетанымын кеңейтеді, табиғи ортаға бақылау жасауды үйретеді, табиғат заңдылықтарын қатаң сақтауды ескертеді және туған өлке табиғатын сүюді, оны қорғауды – Отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастырады. Экологиялық білімге оқушылардың ақыл-ойы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтардың проблемасы жатады. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет