Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты


Жаратылыстану ғылымдарын оқыту теориясы мен әдістемесінің әдіснамалық негіздері, оның басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері



бет11/38
Дата05.07.2023
өлшемі478.32 Kb.
#475541
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
3 Емтихан жауаптары 2

2. Жаратылыстану ғылымдарын оқыту теориясы мен әдістемесінің әдіснамалық негіздері, оның басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде ― жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәні негізінен үш блокты: «адам», «табиғат»,«қоғам» ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады. Яғни ―өмір әліппесі болып саналған ― «жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Пәннің мақсаты қоршаған орта туралы ғылыми білімді үйрету. Пән оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, оқу-танымдық қызметке шешуші құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұны жаратылыстану пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, қағидалары мен әдістерін, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырады.
Мектеп оқушыларына жаратылыстануды оқытуда, мұғалім оларды білім, білік, дағдыларды
жарақтандырып қана қоймайды, білімді жалғастыру үшін керек және іс жүзіндегі қызметімен, сонымен бірге олардың көзқарасын, еркін, мінезін қалыптастырады, ақыл - қабілетін және т.б. дамытады. 
Сондықтан қазіргі оқыту әдісетемесі жаратылыстануды органикалық тарау және тәрбиелік құрал 
ретінде оқыту барысында зерттейді және тексереді. Осы мағынада оқыту әдістемесі тәрбие процесінің құбылысын зерттейді, бәрін емес, тек жаратылыстануды оқыту процесінде орын 
алатындарын айтуға болады. 
3. Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғамтану және адамтану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту.
Адам, табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар бастауыш
сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені табиғаттануды
мектепке дейінгі мекемеде оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды.
Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс әрекеттеріне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.
Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір-бірімен көп салалы байланыста болатын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатысы бар.
Бастауыш мектепте ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі‖ пәнінің мұғалімі оқушыларды оқыта отырып, дүниетанымдық білімдерін қалыптастырады.Олай болса мұғалім мынадай шарттарды жүзеге асыруы тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет