Билет Түргеш қағанаты


)Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жұмыстары



бет20/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

3)Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жұмыстары
2001ж бастап ҚР Шанхай ЫнтымақтастықҰйымын құру бастамасынаатсалысты және де дәл осы ұйымаясындағықызметісыртқысаясаттағынегізгібағыттардыңбірінеайналды.Қазіргікезде ШЫҰ Қазақстан,ҚХР,Ресей,Қырғызстан,Тәжікстан және Өзбекстанныңбасынқосыпотыр,ал бұл ұйымдағыбақылаушымемлкеттергеМоңғолия,Иран,Үндістан және Пәкістанкіреді:ШЫҰшеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси,сауда-экономикалық және гуманитарлықсалаларбойыншакөптегенмәселердішешугебағытталғансындарлы сұқбат жүргізумүмкіндігінеие және бұл ұйымаясындатерроризм,экстремизм және сепаратизмменкүресуде күш жұмылдырумәселеріталқыланады.ШЫҰсаяси тұрақтылық және қауіпсіздікқамтамасызетудегімаңыздырөлі оны халықаралықдеңгейдегібеделдіұйымғаайналуынасептікетті
26 билет
1)сарматтар,савроматтар
Савроматтар (Сарматтар) туралы оқулықтардағы материалдар өте аз. Б.з.б. II ғ. грек-рим деректері: Қара теңіз жағалауындағы скиф тайпаларының шығыс жағында Аростор мен Роксолан тайпалары өмір сүрген, дейді. Археологиялық зерттеу жұмыстары олардың савромат, сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. Батыс Қазақстанда Еділ- Жайықтың төменгі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем өзендерінің жоғарғы ағыстарында олардың ескерткіштері (обалар) кездеседі.
Сармат тайпаларының пайда болуы туралы нақты пікір қалыптаса қойған жоқ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, савромат, сармат тайпаларының шыққан тегі Андронов және Ресейдің Оңтүстік аудандарындағы қола дәуірінің бір мәдениеті болған қима мәдениетінің кезіндегі рулардың жалғасы деген пікір бар.
Батыс Қазақстандағы өмір кешкен сармат тайпаларының ескерткіштері басқа тайпаларға қарағанда өте аз зерттелген. Батыс және Солтүстік Батыс Қазақстанның жерін мекендеген ежелгі темір тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстар, оларды негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады:
1.Бірінші кезең – б.з.б. VII-IV ғғ.
2.Екінші кезең – б.з.б. VI-II ғғ.
Көрсетіліп отырған кезеңдердің біріншісі археологиялық материалдар бойынша ежелгі савроматтар деген атымен белгісі болса, ал екіншісі жазба деректер бойынша соңғы кездегі сарматтар. Бұлар өздерінің осы атауларымен б.з. IV ғасырына дейін белгілі болған.
ақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Сарматтардың обаларынан көбіне: қанжар, семсер, садақтың қырлы ұштары; әшекей бұйымдардан: түрлі-түсті моншақтар, қол айналар, қапсырмалар, әртүрлі аңдардың суреттері бейнеленген асыл тастар табылады. Аяқтарында басын жерге салып тұрған жыртқыш аңдар бейнеленген, күнге немесе отқа табынуды көрсететін тас шырақтар кездеседі. Обаларда өте көп кездесетін құрал-саймандардың бір түрі ат-әбзелдердің ішінде, ауыздық, пен оның сулығы. Жалпы, Сармат тайпаларының шеберлері сулық жасауға ерекше мән берген. Шамасы, олар көлік ретінде мініс аттарына аса назар аударған тәрізді. Сулықты қола, темір, сүйек сияқты заттардан жасаған.
Зерттелген обалардың қайсысынан болмасын ер-тұрман жабдықтары табылады. Бұдан шығатын қорытынды, сармат тайпалары мал шаруашылығымен шұғылданған. Сарматтар қыс кезінде тұрақты мекен жай салып, қыстауларда тұрған. Әзірше ондай түрақты жайлар Барки қонысынан белгілі. Осыған қарағанда сарматтарда жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет