Билет Түргеш қағанаты


)Кенесары касымулы котерилис, Есет Котибар



бет64/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

2)Кенесары касымулы котерилис, Есет Котибар
КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ көтерілісі.
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда
жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек.
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген
қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата — бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - депкөрсетеді. Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.
1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендинніңжасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап,қару-жарақтарын олжалады.Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады.Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиеттіазаттық күресі де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жөне қырғыз ауылдарын шабуы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
ЕСЕТ КӨТІБАРҰЛЫ мен ЖАНҚОЖА НҰРМҰХАММЕДҰЛЫ бастаған көтеріліс.
Ресейдің Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағына қарай бет алуы, Хиуа мен Қоқан хандықтарының жорықтары Есет Көтібарұлы мен ЖанқожаНұрмұхамедұлы бастаған қозғалыстың басталуына түрткі болды.Кіші жүз қазақтарының территорияларына басқыншылық жорықтарынұйымдастырып отырған хиуалықтар әскерімен жиі қақтығысып отырды. 1816 жылдан 1841 жылға дейінгі аз ғана үзілістен кейін қоқандықтар Ақмешіт, Жөлек, Созақта бекіністер тұрғызды. Қоқандықтар Сырдарияның оң жағалауына - Күміс Қорған, Жаңа Қорған, Жөлек, Сарысудың төменгі ағысына Жаман Қорған бекіністерін салды. Қазақтардың негізгі халқы шариғат бойынша мүліктің 1/40 бөлігінен зекет төлеп отырды; салық нормасының орташа болуына қарамастан зекетшілердің күшпен қиянат көрсетуі қазақтарға өте ауыр тиді.
Арал жағалауындағы қазактар қозғалысын Кіші жүздің шекті тармағынан Есет Көтібарұлы басқарды, ол - сұлтан Қаратайдың жактасы, қазақтың батыры Көтібардың ұлы. Есет Көтібарұлы - қазақтың ірі қолын бастап, хиуалықтарға қарсылық көрсеткен ірі қолбасшы. Хиуалықтармен шайқаста Жанқожа Нұрмұхамедұлына бірнеше мәрте көмек көрсеткен.
1847-1858 жылдары Есет батыр Кіші жүз қазақтарының Ресей әкімшілігіне қарсы көтерілісті басқарды. 1847 жылдың 18 шілдесінде Ембі ауданында Е. Көтібарұлы майор Михайловтың Орынбор және Оралдың 200 казактан жэне Таукин сұлтанның 120 қазақтан құралган жазалаушы отрядымен шайқасады. Сонымен қатар Елекей Қасымұлы бастаған 600 қазақты патша үкіметі қолына жібереді. Есет батыр көтерілісшілер қатарынан 800 адамды жазалаушы отрядқа қарсы аттандырып, олардың тас-талқанын шығарады.
1858 жылы көтерілістің жалғасынан кейін Есет батыр патша билігімен бейбіт шартқа келіп, үлкен шекті руының басшысына айналып, Ырғыз уезі басқармасының көмекшісі қызметіне тағайындалады. 1873 жылы Орынбор отряды құрамында Хиуа хандығына қарсы жорыққа қатысып, «Ынтасы үшін» медалімен мараптатталады. 80 жастан аса өмір сүреді.
Ж. Нұрмұхамедұлы - XIX ғасырдың алғашқы
ширегінде Хиуаға қарсы жорық ұйымдастырған Арынғазы Абылғазыұлының ізін жалғастырушы. Ол Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан хиуалықтарға қарсы жорық ұйымдастырады. 1843 жылы Жанқожа әскері Қуандариядағы хиуалық бекіністі қиратты, 1845 жылы көктемде қиратылған бекіністерді қалпына келтіруге жіберілген 2000 хиуалық жасақты талқандады. Жанқожа Нұрмұхамедұлы Кенесары жақтастарының бірі болды, қоқандық бекіністерге шабуылдап, 1845 жылы Кенесарының өтінішімен қоқандықтардың бекінісі Созақты алуға қатысады. Кенесары Қасымұлының көтерілісі басылғаннан кейін Жанқожа Ресеймен күресті тоқтатты. Бірақ Сырдарияның төменгі ағысына бекініс кұрылысы жұмыстары мен казактардың отарлау шараларын ұйымдастыруынан кейін қария батыр орыс әскерлеріне қарсы қозғалыс бастайды. 1856 жылы желтоқсан айының ортасында Жанқожа жасағында отаршылдық саясатқа қарсы наразылык көрсеткен қазақтар саны 1500-ге жетті. Желтоқсанның соңына қарай қазақтар Қазалы бекінісін қоршады жэне бірігіп шайқас жүргізуге байланысты хиуалықтар мен Есет әскерлерімен келісім жүргізді.
Патша әкімшілігі сырдариялық қазақтардың көтерілісі басылғаннан соң Жанқожаның көзін құрту үшін жазалау отрядын жібереді. 1860 жылы Қызылқұмдағы Джакаринское өзеніне жақын аймақта жазалау отряды Жанқожа ауылын қоршап алады, 80 жастағы батырды өлтіреді, ауыл тоналып, 130 түйе, 115 жылқы, 210 ірі қара, 2234 қой айдап әкетілді.
50-жылдың ортасы - 60-жылдың басында қазақтардың отарлық езгіге қарсы соғыс өрті жаңа серпінмен тұтанды. Есет Көтібарұлы Арал бойындағы қазақтарды, ал Жанқожа Нұрмұхамедұлы Сырдың төменгі ағысында орналасқан қазақтарды басқарды.Біріккен қазақ-қоқан әскері Жетісудағы орыс әскерлеріне қарсы белсенді қимыл жүргізді.
3)экспл
ЭКСПО-2017 ХалықаралықкөрмесініңеліміздіңАстанасындаөтуініңөзіұлттықбеделдікөтерерісөзсіз және бұл идеяның авторы елбасы Н.Назарбаев еді. 2012 жылыдауыс беру рәсіміненкейін 2017 жылғыкөрменіөткізумәртебесі Астанаға бұйырып, оданберікөптегенжұмыстаратқарылды: «Астана ЭСКПО-2017» ұлттықкомпаниясықұрылды, Тіркеу парағы бекітілді, ең үздіккөрмекешеніүшінхалықаралық сәулет сайысындажеңімпазанықталды, ЭКСПО-ныөткізу және ұйымдастырутуралы заң қабылданды. Алғашрет Қазақстан 2005 жылыЖапонияда «Табиғатданалығы» атты ЭКСПО көрмесінеқатысқанболатын. Кейін 2008 жылыИспанияда «Су және тұрақты даму» аттыкөрмесіндеалғашрет Н.Назарбаев осы шараның қазақ жерінде де өткізутуралыалғаш сөз қозғағанболатын.
Жаңа тапсырмалардыжеделшешуүшін 2012 жылдың 26 қарашасындаЕлбасының «ЭКСПО-2017 Халықаралықмамандандырылғанкөрмесінедайындық және өткізубойыншаМемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығышықты. Көрмекешенін салуға әлемнің 50 ден аса сәулет компанияларысайысқатүсіп, құрылысты салу мүмкіндігінамерикандық «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясыалды. Бекітілгенжоспарбойыншабарлыққұрылыснысандары 2016 жылдың желтоқсан айындаорналасуғаберілебастады.
Барлығыжобабойынша 38 құрылыснысаны бой көтерді. Көрмекешенініңжалпыаудан 174 гектардықұрайды, оның ішінде сфера іспеттесғимаратҚазақстанныңҰлттық Павильоны болыптабылады, одан басқа халықаралық, тақырыптық және копоративтіпавильондар, сауда және ойын-сауықнысандары да барЖалпы Қазақстан барлығықұрылысжұмыстары мен көрменіөткізуге 280 миллион евро ақшажұмсады.
Оның барлығыдемеушілер мен серіктестердіңқолдауынан, соныменқатарбилеттердіңсатылуынан (5 миллион адам көрменікөреді деп күтілуде) жүз пайызқайтарылады деп қарастырылған. ЭКСПО-2017» көрмесінедайындықбарысында Президент отандық экономика ресурстарын, шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін, ішкіөнеркәсіптердіпайдаланудытапсырды.
Яғни, қоғамдықтамақтану, сауда-саттық, электронды коммерция, қонақүй және туристік бизнес, концерттер мен ойын-сауықтардыұйымдастыруды тек отандықөндірістердіңғанажүзегеасыруынқадағалайтынынайтты

1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет