Билет Түргеш қағанаты



бет63/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

3 2015 жастар саясаты
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 09.02.2015 жылғы заң. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы:
Жастар ұйымдары – жастарды дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жастардың әлеуметтік, мәдени, білім алу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, жастар өкілдері оның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Жастар ұйымдары: мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға; мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне; республикалық және өңірлік жастар форумдарының жұмысына; жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысуға құқылы.
Мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.


21б
1)Батыс турик каганаты
Батыс Түрік қағанатының(603-704) астанасы-Суяб қаласы,екінші жазғы ордасы-Мыңбұлақ.Ол Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жері территориясын алып жатты.Этникалық құрамы бойынша он-оқ тайпа одағы: 5 нушеби,5 дулу тайпаларынан тұрды.Алғашқы қағаны-Тардуш (Дато).Ол шығыс түріктерді басып алуды,екі қағанатты қайта қосуды ойлады.Және Алтайдағы теле тайпаларын басып алды.
Батыс Түрік қағанатының саяси күшейген кезі Шегу (610-618жж) мен Тон (618-630) қағандар тұсында болды.Шегу қаған тұсында территория шығыста Алтайға дейін,батыста Тарым өзені Памир тауларына дейін жетті.Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.Батыс Түрік қағанатының Иранға қарсы одақтасы-Византия блатын.Тон қаған 627ж Византияға Иранға қарсы көмек көрсету үшін әскер жібереді.
БатысТүрік қағанатында қаған руынан шыққандарға ябғу,шад,елтебер атағы берілген,қарапайым халықты қара бұдындар,сот істерін атқарушыларды бұйрықтар мен тархандар,ал қағанның жергілікті жерлердегі негізгі тірегін-бектер деп атаған.
630ж Тон өлген соң билікке талас өршиді.Сөйтіп 634ж Ешбар Елтеріс нушеби қолдауымен қаған болады.Ол «он тайпа»- «он оқ бұдун» жүйесін енгізді.Бір тайпа бір оқ-бір түмен әскерден 10 мың тұрды.640-657ж Дулулар мен нушебилер арасында ұзақ уақытқа созылған тартыс өтеді.Батыс Түрік қағанатының әлсірегенін пайдаланған Қытай Тан империясы 659ж Жетісуға басып кіріп,Ешбарды өлтірді.Қағанат тәуелділікке түсті.Сөйтіп,VII ғ 40-50жж бастап,Батыс түрік қағанаты ыдырай бастады.
Батыс Түрік қағанатының шаруашылығы-жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.VIIғ.бас кезінде түріктердің жаппай отырықшылануы басталды.Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Қазақстан жерінде Испиджаб,Тараз,Тархир,Алмалық қалалары дами бастады.
Шығыс Түрік қағанаты 682-744жж территориясы батыста-Қазақстан ,оңтүстікте –Орта Азия,шығыста-Шығыс Түркістан, солтүстікте-Оңтүстік Сібірге дейін созылды.Күлтегін мен Білге қаған билігі тұсында Шығыс Түрік қағанаты күшейіп,Қытаймен тиімді шарттарға жетті.Даңқты қолбасшы Тоныкөк түріктердің жауынгерлік даңқын асқақтатты.Білге қағаннан кейін 741ж бастап қағанат әлсіреп,ыдырай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет