3. Мангилик ел
Еліміздің мұратына айналған Мәңгілік ел идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.
Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
«Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»- деп жария еткен Президент,тарихи мәнге ие құжатты – «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаны идеологиялық негізіретінде ала отырып,конфессияаралық-этносаралық келісімді, азаматтылық пен жаңа ХХІ ғасыр патриотизмінің ерекшеліктерін түсіндіру идеясы арқылы бүкіл қазақстандықтарды ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бір топқа топтастыратын мемлекет ұстанымдарынбелгілеп берген болатын.
«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:
Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім
Зайырлы қоғам және жоғарғы руханилық
Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.
Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жатыр.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |