13 билет
Найман, керей ұлыстарының қалыптасуы (13 ғ басы) моңғол шапқыншылығына дейінгі қоғамдық саяси жағдайы.
Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің [2] көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді.
Керейт – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Керейттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. Керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғ-дан белгілі. Онон, Керулен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керейт хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рашид әд-Диннің, Қыдырғали бектің, Әбілғазы ханның еңбектерінде хандық аты да, оны құраған тайпа атауы да Керейт деп аталады. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейін Орта жүз құрамына енген Керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына кірген Керейттер, Кіші жүздегі өз руластары сияқты бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда Кіші жүз құрамындағы Керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған. Кейін олардың бір бөлігі өзбектің, екінші бөлігі қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына енді.
Жалайырлар тайпасы қазақтардың Ұлы жүзінің құрамындағы тайпа. Ғалымдардың арасында жалайырлар — түркіленген моңғолдар деген сенім бар. Рашид-ад-дин бойынша жалайырлар ерте заманда жетпіс мың қоныс болып Моңғолиядағы Кэлеурен өзенінің жағасында өмір сүрген.
Тарихи аңыздар бойынша, жалайырлар қытайлықтардан бой тасалап, Алтайдағы Ергене-Көнге қарай қашқан, ол кезде мұнда қияттар, қоңыраттар, наймандар және керей-уақтар өмір сүрген. Уақыт өте келе тайпалардың саны ұлғайғаны сонша, олар таудан түсуге мәжбүр болған және жалайырлар Жоңғарияға кетіп қалады. Түрік қағанаты құлаған соң жалайырлар «алты алаш» одағына кіреді.
Жалайырлардың моңғолдардан тарағаны жөніндегі ғалымдардың жорамалдары тарихи фактілерге негізделеді, атап айтқанда жалайырлар тайпасының бір бөлігі артықшылық жағдаймен Шағатай ұлысының құрамына кірген, ал жалайырлардың өзге бір бөлігі орталықтары Ходжент және Шыршық болып табылатын Сырдария бассейнінің аумағына қоныстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |