Билет Түргеш қағанаты



бет62/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

14 билет
1 Қарақытай
Тоғызыншы ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген, моңғолтілдес тайпалар ретінде атап өтіледі.
Қытай тіліңде «қидандар» араб, фарсы тілінде «қарақытайлар» деп аталатын тайпа 927-947-інші жылдары Қытайдың солтүстік жағын бағындырып алып, ю-Чжоу (Бейжің) қаласын өздерінің астанасына айналдырған. Осы кезден бастап Ляо (темір) империясының дәуірі басталады.
1125-інші жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды.
Бастапқы кезеңде Жетісуға қоныстанған қидандар жергілікті билеушілерге бағынатындарын білдірді. 1128-інші жылы Баласағұн билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуда Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған мемлекеттің негізін қалады.
Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141-інші жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауренахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Жетісу, Мауренахр және Шығыс Түркістан Қарақытай мемлекетінің құрамына енді. Алайда қарақытайлық гурхан қарахандықтар әулетін жойған жоқ. Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді. Қарақытайлар қарахандықтардың басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеді және өлке экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне ықпал еткен жоқ. 

2 Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет