билет
қимақ
ІХ аяғы – ХІ басы Қимақ қағанаты. Күйреген Батыс Түрік қағанатының орнына көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет: Жетісуда – Қарлұқ этникалық - әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында – Оғыз, ал Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанда – Қимақ қағанатын құрды.Қимақтар тарихының ерте кезеңі Қытай деректерінде аталып өтеді.656ж Қимақтар өз алдына бөлектене бастады. 840 жылы орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі Қимақ бірлестігінің ұйтқысына қосылады.Жеті тайпа құрамындағы Қимақ нақ осы кезде қалыптасады. Х ғ. басында Қимақ мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Х ғасырда Қимақ тайпаларының басшысы қаған деген жоғары түрік дәрежесін иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы– Имакия қаласы болды. Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғымен – Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, Әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз–оғыздар және қимақтар, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет, олар бір – бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. ІХ ғасырдың аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін қимақтар қалыптасқан мемлекет болды, ал ХІ ғасырдың басында Қимақ мемлекеті біртіндеп ыдырай бастайды.Оның құлауының екі себебі болды: бірінші, өзін - өзі билеуге, өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі себеп, екінші, ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. ХІғасырдағы тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі – 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты.Ал, ХІ ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың Батысымен Каспийдің Солтүстік өңіріндегі оғыз жерін басып алған қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бұрынғы қимақ - қыпшақ орналасқан негізгі аймақта күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты. Қимқтар осы оқиғалар кезінде өзінің саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болды. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталды.
|