Білім алушылар міндетті



бет3/3
Дата25.12.2023
өлшемі28.6 Kb.
#487913
түріКодекс
1   2   3
Құқық Жеңіс

Білім алушылар міндетті:

мерзімде орындауға;

  • басқа білім алушылармен, окытушылармен және әкімшілікпен қарымқатынаста сыпайылық, әдептілік және ықыластылық танытуға;

  • университет мүлкіне ұқыпты қарауға және оның аумағында вандализм жасамауға;

  • айналасындағыларға қауіп төндіретін заттарды әкелмеуге;

  • салауатты өмір салтын ұстануға, өзінің мәдени, адамгершілік және физикалык деңгейін арттыруға ұмтылу, университеттің қоғамдықмәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсенді катысуға;

  • университет ішінде және одан тыс жерлерде де құқықтық ережелерге қарсы іс- әрекеттерге жол бермеуге;

  • тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуіне, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауға;

  • университет мүддесіне қайшы келетін, университет имиджі мен

беделіне нұқсан келтіретін қандай да бір әрекетке бармауға;

  • эстетикалық талапқа сай киінуге;

  • оқу корпустарында сабақтарға кедергі келтіретіндей қатты сөйлемеуге және шу көтермеуге;

  • дәрісхана, асхана, кітапхана т.б.қоғамдық орындарда сырт киіммен жүрмеуге, сағыз шайнамауға, ұялы телефонмен сөйлеспеуге, жеке бас сезімдері мен өзге де құлшыныстарды көпшілік алдында көрсетпеуге;

  • ынсапты, мейірімді, әділетті, тату болуға.



Білім алушылар құқылы:

  • оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;

  • жалпы ұйымдастырушылық мәселелер мен оқу процесіне қатысты өз пікірін айтуға, осы Кодекстің ережелерін бұзуға байланысты жағдайларды талдауға қатысуға;

  • аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз

күшімен түзетуге, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе университет әкімшілігіне хабарлауға;

  • қызығушылығына байланысты студенттік ұйымдарға тіркелуге;

  • заңмен шектелмеген жобаларды ұсынуға және жүзеге асыруға.



Білім алушыға қолданылатын жаза түрлері:

  • Ауызша ескерту.

  • Тапсырмаға қойылган бағаны жою.

  • Бағаланатын тапсырмаларға, оның ішінде дипломдық және диссертациялық жұмыстарды қорғауға жібермеу.

  • Университеттен шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет