Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету



бет30/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

Тұздардың химиялық қасиеттері


Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.

Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады. Мысалы, сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шеге салсақ, оның беті біраздан кейін қызыл мыспен қапталады:

CuSO4+Fe=FeSO4+Cu

Бұл типті реакциялардың сұлбасы мынадай:



тұз + металл (белсенді) = тұз (жаңа) + металл (белсенділігі төмен)

Осы реакция кері бағытта жүре ме? Жоқ, жүрмейді, себебі мыс металдардың белсенділік қатарында сутектен кейін тұр. Мұндай типті реакциялар жүру үшін мына шарттар орындалуы керек.

  1. Белсенділік қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.

  2. Реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болу керек, егер түзілген тұз ерімейтін болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді.

  3. Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі

  4. Сынауыққа мәрмөр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйсақ, төмендегі реакция жүреді, нәтижесінде газ бөлінеді:

СаС03+2НСl=СаСl22С03

Н2С0320+С02↑ (реакцияның жүру белгісі)

2NaCl+H2S04=Na2S04+2HCl↑

Жалпы сұлбаны былай беруге болады:



тұз + қышқыл = тұз (жаңа) + қышқыл (жаңа)

Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары:

Реакцияға қатысқан қышқыл реакция нәтижесінде түзілетін қышқылдан күшті және тұрақты болу керек.

Тұздардың өзара әрекеттесуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет