Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету


V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары



бет3/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
СОӨЖ тапсырмалары

Химияның негізгі ұғымдары

  1. Қысым 2·105Па тең болғанда газдың көлемі 2 дм3, температура тұрақты болса, қандай қысымда 1м3 көлем алады?

  2. 2 литрлік ыдыста 0℃–да 10 г оттегі жиналған, егер (қ.ж.) оттегінің тығыздығы 1,43 г/л болса, ол қандай қысымда болады?

  3. Ауаның тығыздығы (қ.ж.) 1,29г/л тең. Егер қысым тұрақты болса, қандай температурада оның тығыздығы 1,1 г/л болады?

  4. Ауа ашық ыдыста, тұрақты қысымда 17℃–тан 307℃-қа дейін қыздырылды. Осы кезде ауаның қандай массасы ығысып шығады?

  5. 30мл суттегі 18℃ және 90кПа- да судың үстіне жиналды. Құрғақ сутегінің осы мөлшері (қ.ж.) қандай көлем алады? Су буының қысымы осы температурада 2061Па.

  6. 3 л азоттың 15℃және 90кПа қысымда массасы қандай? Қ.ж азоттың тығыздығы 1,25 г/л.

  7. 20℃және 150 кПа қысымда 1 моль идеал газдың көлемі қандай?

  8. Озонның (қ.ж.) тығыздығын есептеңдер.

  9. 2 кг көміртегі (ІV)оксиді қандай көлем (қ.ж.) алады?

  10. Оттегі молекуласының граммен алынған масасын есептеңдер.

  11. Микроманометр 1·10-8 Па қысымды өлшейді. Осы қысымда және 00-та 1мл сутегінде неше молекула бар?

  12. Қ.ж. 800 мл газдың массасы 1 г. Осы газдың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

  13. Егер қысым 122 кПа- ға тең болса, 1,5 г оттегі қандай температурада 900 мл көлем алады?

Эквивалент және эквивалент заңы

1. Метанның құрамында 25% сутегі, 75% көміртегі бар. Көміртегінің эвиваленттік масасын есептеңдер.

2.Азот оксидінде 25,93 азот және 74,07 оттегі бар. Азоттың эквиваленттік массасын есептеңдер.

3.0,195 г металл (қ.ж.) 56 мл сутегін ығыстырады. Металдың эвиваленттік массасын есептеңдер.

4.0,261 г күміс оксидін қыздырғанда 0,243 г күміс алынады. Күмістің эквиваленттік масасын есептеңдер.

5.Темір хлоридінде 34,42% темір және 65,58% хлор бар. Хлордың эквиваленттік массасы 35,46. Темір хлоридіндегі темірдің эквиваленттік массасын есептеңдер.

6. Күміс оксидінде 93,09% күміс және 6,91% оттегі бар, ал иодидінде 45,95% күміс және 54,05% иод бар. Иодтың эквиваленттік массасын есептеңдер.

Салыстырмалы атомдық және мелекулалық массаларды анықтау

1.Азоттың ( ), хлордың ( ) және көміртегі (ІІ) оксидінің ауа бойынша тығыздығы қандай?

2.Қалыпты жағдайда алынған л газдың массасы г. Газдың мольдік массасын табыңдар.

3.21℃Температурада және 96,23 кПа қысымда 1л газдың массасы 2,52г. Сутегі бойынша газдың тығыздығын және салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

4.250 г кальций карбонаты ыдырағанда бөлінген көміртегі (Ⅳ) оксиді 18℃ және 98 кПа- да қандай көлем алады?

5.Қорғансының меншікті жылу сыйымдылығы 0,13Дж/г град. Қорғасынның салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер.

6.Оксидінде 56,3% оттегі бар бес валентті элементтің атомдық массасын есептеңдер.

7.Мыстың меншікті жылу сыйымдылығы 0,39Дж/г град, егер мыстың эквиваленттік массалары 31,77г және 63,54 г болса оның салыстырмалы атомдық массасы қандай?

8.Металл оксидінде 7,39% оттегі бар. Металдың меншікті жылу сыйымдылығы 0,13 Дж/г град. Металдың эквиваленттік массасын есептеңдер.

9. Металдың эквиваленттік массасы 56,2 г, ал оның меншікті жылу сыйымдылығы 0,23Дж/ г град. Металдардың салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер.



Химиялық формулалар және теңдеулер бойынша есептеулер

1. Заттың құрамында 17,64 % сутегі және 82,36% азот бар. Оның салыстырмалы молекулық массасы 17-ге тең. Қосылыстың химиялық формуласын табындар.

2. Құрамында 24,39 % кальций, 17,07 % азот, 58,54 % оттегі бар. Қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.

3. Құрамында 39,14% көміртегі, 8,7% сутегі, 52,16% оттегі бар. Қосылыстың сутегі бойынша тығыздығы 46. Формуласын табыңдар.

4. 3,8 г зат толық жанғанда 2,2 г көміртегі (ІV) оксиді және 6,4 күкірт (ІV) оксиді түзіледі. Заттың қарапайым формуласын табыңдар.

5. Азот (ІV) оксидінің, аммоний сульфатының, кальций фосфатының және мыс купоросының салыстырмалы молекулалық массаларын есептеңдер.

6. Күкірт қышқылындаға, калий дихроматындағы, калций нитратындағы элементтердің массалық үлестерін %есептеңдер.

7. 15% бөгде қосымшасы бар 1т күкірт колчеданында неше кг темір бар?

8. 150 г мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде мырыш сульфатының қандай мөлшері түзіледі?

9. 100 г натрий сульфатын алу үшін неше г күкірт қышқылын және натрий гидроксидін алу қажет?

10. 40 г бертолле тұзын қыздырса неше л оттегі түзіледі?

11. Натриймен суға әсер еткенде бөлінген сутегі 20℃және 95кПа қысымда 10л көлем алады. Неше г натрий сумен әрекеттесті?

12. 10г натрий хлориді мен 17г күміс нитраты әрекеттескенде неше г күміс хлориді алынады? Реакйия біткенде қандай заттар және қандай мөлшерде артық қалады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет