Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы


Жоғары оқу орындарының студенттерін қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі



бет2/4
Дата27.06.2016
өлшемі317.5 Kb.
#161200
1   2   3   4

3. Жоғары оқу орындарының студенттерін қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі

      91. ЖОО-да студентерді қорытынды аттестаттау жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарымен белгілеген нысандарда өткізіледі, академиялық күнтізбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған ұзақтығы мен мерзімінде өткізіледі.


      92. Студентттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына қатаң түрде сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.
      93. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.11.01 N 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      94. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.11.01 N 506 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      95. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
      1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);
      2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
      3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;
      4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.
      Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
     96. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітірушілерді шығаратын кафедраның қолдау хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      97. Қорытынды аттестаттауға жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі.
      98. Білім алу процесі аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің жоғары білім мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.
      99. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.
      100. ЖОО басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.
      101. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін әр мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссия (бұдан әрі – МАК) құрылады.
      102. Студенттерді қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірмей факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделіп, осы Ереженің 97-тармағының негізінде МАК-қа ұсынылады.
      103. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа факультет деканының (институт директорының) студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары (жобалары), кәсіби практикалардың түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.
      104. ЖОО жетекшісі ағымдағы оқу жылының 1 қарашасына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға бітіретін мамандықтар бейініне сәйкес келетін осы жоғары оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен, өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады.
      105. МАК жұмысына қатысушы мамандар бейіні ғылыми немесе академиялық дәрежелерінің немесе базалы білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.
      Ұсынысқа ғылыми немесе академиялық дәрежелер туралы немесе базалық білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
      106. МАК төрағасы ағымдағы оқу жылының 20-желтоқсанына дейін уәкілетті орган бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.
      107. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.
      МАК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.
      108. МЕК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің контингентіне сәйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді және ЖОО басшысының бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсанан кешіктірмей бекітіп және күнтізбелік жыл бойына әрекет етеді.
      109. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:
      1) жоғары білім мамандықтары үшін МЖМБС белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
      2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;
      3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;
      4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;
      5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
      110. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей барлығының назарына жеткізіледі.
      111. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты қорғауға 7-10 адам жіберіледі.
      111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.
      112. Диплом жұмысы (жобасы) қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;
      2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») және бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін және/немесе біліктілігін беру туралы рецензия.
      113. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мәніне қатысты тексеру тиісті деканаттармен жүргізіледі.
      114. МАК-қа сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарий және тағы сол сияқты басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.
      115. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады. Рецензияда бағалары балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
      Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.
      Білім алушы, рецензенттің оңды қорытындысындағы сияқты, жағымсыз қорытындысы жағдайында да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алады.
      116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.
      117. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.
      Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетілген бітіруші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
      118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.
      119. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.
      Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО (факультеттің) Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
      120. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.
      121. ЖОО өздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді.
      122. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.
      123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысты қорғау үшін 15 минут уақыт беріледі.
      124. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.
      125. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.
      126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.
      127. МАК отырысының хаттамалары осы Ереженің 4-6-қосымшаларға сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.
      128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.
      129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады
      130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар.
      Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру сондай-ақ студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.
      131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы, сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      132. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
      133. Қазақстан Республикасы «Мұрағат және мұрағат ұлттық қоры туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.
      134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (жобаны) осы МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғауына болады.
      135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.
      136. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
      137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ № _________ хаттамамен қайта қаралды _______ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
      138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды.
      139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
      140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
      141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді.  МАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.
      142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.
      143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      144. Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.
      145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.
      146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.
      147. Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде қосымшасымен ақысыз беріледі.
      147-1. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
     147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
     148. Дипломға қосымша студенттің оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.
      Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.
      149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
      150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент осы Ереженің 149-тармағында көрсетілген талаптарды орындағанына қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.
      151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жасайды және екі апта мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің немесе (факультет кеңесінің) отырысында талқыланады және бекітіледі.
      152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелерін ұсынады.
      153. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
      Кестеде осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген көрсеткіштер белгіленеді.
      МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:
      1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
      2) диплом жұмысының (жобаның) орындалу сапасы;
      3) диплом жұмысын (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;
      4) білім алушыларды мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;
      5) мамандар бойынша даярлау сапасына кадрлар талдау;
      6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
      154. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі

      155. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура мен докторантура оқудағы жетістіктерін тексеру ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың өздері белгілейтін бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.


      156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттері сияқты тәртіппен жүргізіледі.
      157. Магистратура мен докторантурада білім алушыларды ағымдық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.
      158. Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы ЖОО бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.
      159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.
      160. Емтихандардың кестесін құру жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдері деканатпен бірге офис регистраторына жүктеледі.
      161. Емтихан кестесін ғылыми ұйым директорының оқу ісі жөніндегі проректоры немесе орынбасары бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
      162. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтинг бағасы анықталатын үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.
      163. Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
      Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
      164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) кей жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.
      Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
      165. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.
      166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.
      Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің жақындылығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.
      167. ЖОО (факультет) емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша академиялық кезеңнің басталуынан бір ай бұрын белгілейді.
      168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа баллы ескеріледі.
      169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға ЖОО студенттеріне қойылатын тәртіп бойынша қойылады.
      170. Емтихандық ведомость барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.
      Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты сәйкес келетін факультет деканатына (институт директораты) тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосы негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.
      171. Білім алушылар барлық емтихандар жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырулары қажет.
      172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.
      173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, емтиханға жіберілу рұқсатын алып, қорытынды бақылау тапсыруы тиіс.
      174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      Қорытынды бақылаудың оң бағаны қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағына сәйкес анықталады.
      175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін (келесі күні) аппеляцияға беруге құқығы бар.
      176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ведомосттағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.
      Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсырады.
      177. Транскриптке студенттің барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады.
      178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялардың қорытындысының негізінде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы белгіленеді.
      178-1. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
      179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат (директорат) және жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.
      180. Жоғары оқу орнынан немесе ғылыми ұйымнан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
      181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 173, 174, 178-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.
      5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу тәртібі

      182. Жоғары оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.


      183. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі.
      184. Бітіруші курстың білім алушылар жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
      185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін ЖОО немесе ғылыми ұйым Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.
      186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:
      магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі;
      докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі.
      187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді:
      магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар);
      докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар.
      188. МАК-тың сандық құрамын білім және ғылым ұйымы дербес айқындап, жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіліп 31-ші желтоқсаннан кешіктірмей 1 күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.
      189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО немесе ғылыми ұйым бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестация басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.
      190. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді.
      191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша емтихан, жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген пәндерден тест.
      192. Кешенді емтиханның бағдарламасы өткізілу нысанына және тапсырма мазмұны жоғары оқу орынмен немесе ғылыми ұйыммен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасына сай жасалады.
      193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді.
      194. Кешенді емтихан:
      магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай бұрын;
      докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін үш ай бұрын қабылданады.
      195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы бойынша осы Ереженің 8-қосымшаға сай белгіленген нысандағы хаттамамен рәсімделеді.
      МАК отырысының хаттамасын шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.
      196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама рәсімдеуге емтихандық ведомость негіз болады.
      197. Алынған бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
      Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу көрсетіледі.
     198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға беруге болады.
      199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
      200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ № _______ хаттамамен қайта қаралды _____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
      201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім білім немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
      202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі.  Диссертация қорғауға жіберу ЖОО МАК төрағасының ұсынуы негізінде немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      204. Диссертациялық жұмыстарды тексеру авторға және пайдаланған көздеріне сілтеме жасамай жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады.
      205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі.
      Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
      Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық баяндамамен сөз сөйлейді.
      206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады.
      207 - 211. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады:
      ғылыми жетекшінің оң пікірі;
      диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала ғылыми баспада жарық көруі халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі;
      шығарушы кафедраның қорғауға жіберілгені туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);
      сараптама кеңесінің диссертацияны ашық түрде қорғалуына берілген ұсынысының жазбаша қорытындысы;
      қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, көрсетілген аргументті қорытындысы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау мүмкіндігі көрсетіледі.
      Ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіншілігінен айырылады.
      213. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі әрбір магистрант үшін жеке осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес бекітілген түрдегі хаттамамен толтырылады.
      215. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін растаған және МАК-тың шешімімен магистрлік диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа магистрлік диссертациясын қорғаған күннен бастап отыз күндік мерзімде тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом тегін беріледі.
      МАК-тың шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысанда хаттамамен ресімделеді.
      215-1. Дипломға қосымша магистранттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және оқу жұмыс жоспарында қарастырылған көлемде барлық пәндерден алған бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде толтырылады.
      Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша әрбір оқу пәнінен кредиттер мен академиялық сағаттар көлемі көрсетілген соңғы бағалар жазылады.
     215-2. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      Бітіру туралы бұйрықты магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
     215-3. Сонымен қатар білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
     216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.
      217. Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге осы Ереженің 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер жазылады.
      Түсіндірме жазбада:
      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнындағы магистрлардың дайындық деңгейлері;
      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;
      3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасын талдау;
      4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;
      5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;
      6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;
      7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі;
      8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болады.
      218. Магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепке МАК төрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
      219. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      220. МАК төрағасының есебіне білім беру жетекшісі қол қойған дипломның нөмірі, мамандығы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі.
      221. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер докторантураның мамандық бойынша немесе мамандықтар тобы бойынша құрылады.
      221-1. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесте жүзеге асырылады
      222. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.11.2013 № 445 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      223. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына шифры (коды), мамандығы аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын докторлық диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы керек.
      224. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық құрамы бес адамнан кем болмауы қажет.
      225. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.11.2013 № 445 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      226. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.11.2013 № 445 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      227. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады.
      228. Егер ғылыми консультант және/немесе сараптамалық комиссия «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берген жағдайда докторант докторлық диссертациясын қорғай алмайды.
      229. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      230. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес, бір күнге үш-төрттен артық емес докторлық диссертацияны қорғау жұмыстары қойылады.
      231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді.
      Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:
      1) докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру және Комитетке қорытынды сараптама өткізу туралы қолдау көрсету;
      2) философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.
      232. Философия докторы немесе бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда кеңестің ғалым хатшысы докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісін қалыптастырады.
      233. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде мынадай материалдар болуы тиіс:
      1) докторлық диссертация;
      2) ғылыми консультанттардың пікірлері;
      3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың бедері;
      4) қорғауға жіберілген ұсынымдамасы туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);
      5) алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      6) екі ресми оппоненттің рецензиялары;
      7) докторлық диссертацияны қорғаудың стенограммасы;
      8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша құпия дауыс берудің нәтижесі туралы есеп комиссиясының хаттамасы;
      9) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;
      10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК отырысы хаттамасының көшірмесі;
      11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру жөніндегі транскриптің көшірмесі.
      234. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай мерзім ішінде докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісі білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
      235. Докторанттардың кешенді емтиханының нәтижелері бойынша МАК кеңестің төрағасы олардың нәтижелері туралы есеп жасайды және бір айлық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады.
      236. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есеп кестелер мен түсіндірме жазбаны қамтиды.
      2 кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады.
      Түсіндірме жазбада:
      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында докторлар даярлаудың деңгейлері;
      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;
      3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау;
      4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер;
      5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болуы қажет.
      237. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есепті МАК төрағасы қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
      238. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 № 94 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      239. Жоғары оқу орны докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін докторанттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      239-1. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымдағы жылғы қаңтарда білім беру саласындағы уәкілетті органға кесте мен түсіндірме жазба енгізілген докторлық диссертацияларды қорғаудың нәтижелері туралы есеп береді.
      3, 4 кестеде осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.
      Түсіндірме жазбада:
      1) докторлық диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің және өндірістің қазіргі жай-күйіне сәйкестігі;
      2) докторлық диссертациялардың орындалу сапасы.
      240. Докторанттардың докторлық диссертацияны қорғау нәтижелеріне докторлық диссертацияны қорғаған докторанттардың тізімі олардың аты-жөні, мамандығы, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының басшысы қол қояды.
      

Білім алушылардың үлгерімін     


ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің  
үлгі ережесіне 1-қосымша      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет