Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



бет1/4
Дата27.06.2016
өлшемі317.5 Kb.
#161200
  1   2   3   4
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы 


Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы  
N 125 бұйрығымен    
бекітілген          

Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі

     


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін анықтайды.


      2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
      3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдың рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;
      2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – студентердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасының сапасын бағалау және оқытудың теоретикалық курсын бітіргеннен практикадан өткеннен кейін өткізілетін рәсім.
      3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
      4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
      5) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;
      6) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
      7) Офис регистратор – білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;
      8) межелік бақылаубір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
      9) оқу үлгерімінің орташа бал Таңдаған бағдарлама бойынша оқушының бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа бал (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестацияның пәндері бойынша балдық бағаның кредиттік және сандық эвивалеттік қатынасы ретінде қабылданады;
      10) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.

2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу тәртібі

      4. Студенттердің оқу жетістіктерін тексеру жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары арқылы жүзеге асырылады.


      5. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Ереженің 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
      6. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
      7. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің өзіндік жұмыс (бұдан әрі - СӨЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық бағамы ескеріле отырып есептеледі.
      Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.
      8.  Кешкі бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау осы Ереженің 6-тармақшасына ұқсас жүргізіледі.
      9. Сырттай бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін де, сол кезеңде де жүзеге асырылады, ол академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
      Бұл ретте сырттай бөлімде оқитын студент оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін барлық түрдегі бақылау және есептеу-графикалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ үй тапсырмаларының жекелеген түрлерін, СӨЖ, пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес межелік бақылауды тапсырады.
      10. Күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде оқитын студенттер біртұтас кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың түрлі нысандары үшін оқытушылардың студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі көлемін өз бетінше игеруіне рұқсат етіледі.
      11. Межелік бақылау бір академиялық кезең аралығында, бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі.  Көлемі бір кредитті құрайтын оқу пәндері ерекшелік ретінде алынады, олар бойынша межелік бақылау санын ЖОО дербес айқындайды.
      12. ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі.
      14. Студенттердің аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу офис регистраторға жүктеледі.
      15. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор студенттердің академиялық рейтингілерін құрастырады.
      16. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.
      17. Сараланған сынақтар студенттердің зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.
      Сараланған сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.
      18. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді.
      ЖОО-да қабылданған академиялық кезеңге (триместр, тоқсан) байланысты аралық емтихан сессиялар да болуы мүмкін.
      Оқу жылының аяғына қарай емтихан сессиясының қорытындысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен студенттердің келесі курсқа көшірілуі жүзеге асады.
      19. Емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы оқудың күндізгі нысаны үшін мамандықтың оқу жұмыс жоспары және ЖОО-ның ғылыми кеңесінде бекітілген академиялық күнтізбе бойынша анықталады.
      Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы және олардың кезеңдері мен саны ЖОО-ның кеңесінде бекітіледі.
      20. Офис регистратор оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және ол студенттер мен оқытушыларға емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.
      21. Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және, әдеттегідей сол академиялық топта (толқында) оқыту сабақтарын өткізбеген алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.
      22. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.
      23. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.
      24. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады.
      1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директоры) жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттердің сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;
      2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдағы және межелік бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру әрбір студенттің тегінің қарама-қарсы тұсына қойылған тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады.
      25. Аталған пән бойынша рұқсатнама рейтингісінде оң бағасы жоқ студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
      Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған студенттер тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
      26. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.  Факультет деканына (институт ректорына) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.
      27. Сырттай бөлім студенттерінің пән бойынша емтиханға жіберілуі күндізгі бөлім студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.
      28. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Ауызша түрде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде екі немесе одан да көп пәндердің бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, емтихан кешенді түрде өтуі де мүмкін.
      29. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) Ғылыми кеңесімен академиялық кезең басталғаннан бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.
      30. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы тиіс.
      31. Емтихан кезінде студенттер пәннің оқу бағдарламасын және емтихан қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.
      32. Қорытынды бақылау өткізу үшін офис регистратор тарапынан емтихан қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.
      33. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.
      34. Емтиханда студенттің үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
      Оңды баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомостына ғана жазылады.
      35. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.
      36. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.
      Ағымдық үлгерім бақылауының бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60 %-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағасының кемінде 30 %-ын құрайды.
      37. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.
      38. Студент қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлық-сыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
      39. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      Қорытынды аттестаттаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Ереженің 43-тармағымен белгіленеді.
      40. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.
      Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына (институт директоратына) жібереді. Деканатта әрбір оқу пәнінің емтихан ведомосы негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ ведомосы толтырылады.
      41. Оқудың барлық нысандарына бірдей пәндердің оқу бағдарламасында бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады.
      42. Студенттер пәндердің қосымша оқу түрлері бойынша емтихан тапсыра алады, олардың тапсыру нәтижелері емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).
      43. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
      Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.
      44. Егер студент оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы Ереженің 43-тармағы бойынша жүзеге асырылады.
      45. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін студент (докторант, магистрант) емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға береді.
      46. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
      47. Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның негізінде қосымша емтихан ведомосы толтырылады.
      48. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.
      49. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялардың қорытындысының негізінде студенттерді курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.
      50. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-ның өзі белгілейді.
      51. Ең төменгі өту балын алған студенттер факультет деканының (институт директоры, жоғары оқу орнынан кейінгі бөлімінің) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
      52. Ең төменгі өту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
      53. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған студентке өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
      54. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже көрсетілген жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, емтихандық ведомость пен сынақ кітапшасына және транскриптке толтырылады.
      Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.
      55. Транскрипке студенттің қайта тапсырылған емтихандардың оң нәтижелері мен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.
      56. Оқу курсына қайта қалдырылған студент бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.
      57. Өту балының жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.
      58. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 39, 43, 52, 53, 54, 56 және 57-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.
      59. Академиялық қарызы бар пәндер келесі семестрде өтілетін пәндер үшін пререквизит алды болмауы тиіс.
      60. Емтихандар сессиясының қорытындысы бойынша (қысқы және жазғы) және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, деканат (директорат) мәжілістерінде, ЖОО Кеңесінде талқылануға ұсынылады.
      61. Жоғарғы оқу орны емтихандық сессиялардың (қысқы және жазғы) қорытындысы бойынша білім саласындағы өкілетті органға осы Ереженің 2-қосымшаға сәйкес нысанда электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.
      62. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
      63. Емтихан сессиясын ойдағыдай аяқтаған сырттай оқу бөлімі студенттеріне келесі емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.
      Шақыру-анықтамаларын беру мен сырттай оқу бөлімі студенттерінің емтихан сессиясына қатысуы ЖОО-да қатаң есепке алынады.
      64. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде өткізіледі.
      65. Барлық бакалавр мамандығындағы ЖОО студенттері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.
      66. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.
      67. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін оқымайды және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
      68. Мемлекеттік емтиханға дайындықты факультет деканатымен (институт директоратымен) және оқу бөлімімен (оқу-әдістемелік басқармасымен) бірлесе отырып, «Қазақстан тарихы» пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі – кафедра) өткізеді.
      69. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын, оқу жұмыс жоспарын аталған пән бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.
      70. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес ауызша, жазбаша және тест түрінде жүзеге асырылады.
      71. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен анықталады.
      72. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін құрамында декан факультет (директор институт) төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік емтихан коммисиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.
      73. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы оқу жылының 1-қарашасынан кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
      74. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1-желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      75. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      76. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.
      77. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
      78. МЕК отырыстары әр студент бойынша жеке хаттамамен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес және оған коммисия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды.
      79. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.
      80. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4 форматында брошюраланып, нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.
      81. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады.
      82. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ________ № __________ хаттамамен кайта қаралды ____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
      83. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады
      84. «Қазақстан тарихы» пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтежелері бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60 %-ын құрайды және мемлекеттік емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.
      85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.
      86. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      87. Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция беруіне болады.
      88. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылардан Қазақстан тарихы бойынша апелляциялық комиссия құрылады.
      89. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан тапсырудың нәтижелері оны тапсыру қаралған сол емтихандық сессияның қорытындысын шығару кезінде есепке алынады.
      90. МЕК-ның жұмысы аяқталғаннан соң Комиссия төрағасы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін органға тапсырады.
      Қазақстан тарихы бойынша Мемлекеттік емтихан төрағасының есептері қысқы емтихан тапсыру бойынша 1 наурыздан, ал жазғы емтихан тапсыру бойынша 1 тамыздан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет