154
▪ мәтіннен нақты сипатталған бөлшекті таба және шығара алады.
Білім алушылар ақпараттық мәтіндерді оқи отырып:
▪ мәтіннің басында анық түрде хабарланатын ақпаратты таба және шығара алады.
Оқырманның мәтіннен тауып оқи алатын өмір суретінің толымсыздығы,
фрагменттілігі бұл – мәтінді түсінудің жоғары және төмен деңгейі арасындағы
негізгі айырмашылық болып табылады. «Мәтінді түсінудің әр деңгейіндегі оқу
мүмкіндіктерінің сипаттамасы» кестесіндегі берілген анықтамалардан әр
деңгей арасындағы айырмашылық айқын көрінеді, яғни оқырманның оқу
сауаттылығы өте жоғары деңгейде болса, ол мәтін бөлшектерін байланыстыра
да, мәтіндегі оқиғаларды кейіпкердің ерекшеліктерін ескере отырып түсіндіре
де, мәтіннің мазмұнын әңгімелеп қана қоймай, мәтіндегі оқиғалардың неліктен
олай болғанын негіздей де алады. Ал төмен деңгейдегі
оқырмандар мәтіндегі
нақты сипатталған бөлшектерді тауып оқи алады.
PIRLS-2016 зерттеуінің «Антарктида: Мұзды құрлық» деп аталатын
ғылыми-көпшілік мәтінін және осы мәтінге берілген тапсырмаларға талдау
жасап көрелік.
Антарктидамен танысу (суретте материктің картасы берілген).
Антарктида дегеніміз не?
Антарктида – планетаның нақ оңтүстігінде орналасқан континент. Егер
сен глобустан Антарктиданы таппақ болсаң, онда
Антарктиданың глобустың
төменгі жағында орналасқанын көресің.
Антарктида Жер бетінің оннан бір бөлігін алады.
Ол мұз қабатымен
жабылған, оның қалыңдығы кейде 1500 метрге немесе одан да көпке жетеді.
Оңтүстік полюс Антарктиканың дәл орталығында орналасқан.
Антарктида –
біздің планетамыздың ең суық, ең құрғақ, ең биік және аса желді континенті.
Антарктидада жыл бойы өмір сүретін адамдар саны өте аз.
Ғалымдар
арнайы
салынған зерттеу станцияларында қысқа ғана уақыт аралығында тұрады.
Антарктидада қазан айынан наурыз айы арлағында жаз болады. Бұл уақытта
үнемі жарық болады. Қыста, сәуірден қыркүйекке дейін, керісінше: Антарктида
алты ай бойы тұрақты қараңғылыққа оранады.
Антарктидадағы ауа райы
Антарктидада тіпті жазда да, сен ойлағаннан әлдеқайда суық! Оңтүстік
полюс – Антарктиканың ең суық бөлігі болып табылады. Жаздың ортасы болып
саналатын қаңтардағы орташа температура минус 28 градус (–28
0
C).
Минус
дегеніміз – судың қату температурасынан (ол 0
0
С-қа тең) төмен температура.
Қыста, сәуірден қыркүйекке дейін Оңтүстік полюсте орташа температура –89
0
С дейін төмендейді.
Мұндай суық күндері, жаңа ғана қайнаған суды ашық ауада ыдыстан
жерге төксе, ол су жердің бетін басып жатқан мұзға жетпестен қатып қалады.
Кейде ғалымдар қатып қалмас үшін үлгілерді тоңазытқышта сақтауға мәжбүр
болады!
Антарктидадағы пингвиндер
Антарктидада басқа құстарға қарағанда пингвиндер көп.
155
Пингвиндер ұша алмайды, бірақ қысқа қанаттарын жүзбеқанаттар ретінде
пайдаланады. Олар керемет жүзушілер, бірақ құрлықта теңселе басып жүреді
немесе қысқа секірулермен қозғалады.
Пингвиндердің бір-біріне жапсарлас орналасқан қауырсындары көп.
Қауырсындар өте жылы түбітпен және қалың май қабатымен бірге құстарды
суық ауадан, желден және судан қорғайды.
Жақсы жылыну үшін пингвиндер
топтарға бірігіп, үйеме-жүйеме болып тұрады.
Антарктидадан келген хат
Сара Вебер басқа ғалымдармен бірге Антарктидада жұмыс істейді.
Жиеніне
жазған хатын оқып, сен оның Антарктидадағы өмірі туралы біле
аласың.
Достарыңызбен бөлісу: