144
қажетті жауап нұсқасын
белгілеңіз.
○
Сүтті
және
сүт
өнімдерін қолдану адамды
семіртеді.
○ Сүт – бұл қажетті
дәрумендер
мен
минералдар көзі.
○ Сүттің
құрамында
минералдарға
қарағанда
дәрумендер көп.
○ Сүтті қолдану –
остеопороздың
негізгі
себебі.
«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының
сүт өнімдерін күнделікті тұтыну денені барлық қажетті
дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз етудің
тамаша тәсілі болып табылады.
«Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының
сүт өнімдерін пайдалану салмақ
жоғалтуға ықпал етеді және
дененің сау салмағын сақтауға көмектеседі. Сүт сүйектерді
нығайтады және оның олардың тығыздығын арттырады. Ол
тіпті жүрек-тамыр жүйесін нығайтады және қатерлі ісік
ауруының алдын алуға көмектеседі. Бір стакан сүт
дәрумендер мен минералдарға толы және денсаулыққа көп
пайда әкеледі.
Медицина
ғылымдарының
докторы,
Ирвайндағы
Калифорния
университетінің
клиникалық
педиатрия
профессоры Билл Сирс сүттің құрамында көптеген маңызды
қоректік заттар бар дейді. Сүт өнімдерін өндірушілердің
халықаралық қауымдастығы (IDFA) бұл пікірді қолдайды.
Сонымен қатар, халықаралық сүт өндірушілер қауымдастығы
(IDFA) денсаулық сақтау саласының көптеген мамандары мен
ұйымдары да осы пікірмен келіседі деп болжайды.
Сүт құрамында тоғыз маңызды
қоректік заттардың толық
жиынтығы бар. Сүт – бұл кальций мен О дәруменінің керемет
көзі ғана емес, сонымен қатар оның құрамында А дәрумені,
ақуыз және калийдің көп мөлшері бар. Дәрігерлер сүт
өнімдерін тұтынуды ұсынады.
Дұрыс
тамақтану
қауымдастықтары
мен
ғылыми
қауымдастықтар сүт өнімдерінің дұрыс тамақтанудағы рөлін
ертеде мойындаған болатын. Бұл пікірді Ұлттық остеопороз
институты,
АҚШ-тың бас хирургі, Ұлттық денсаулық сақтау
институттары, американдық медициналық ассоциацияның
ғылыми мәселелер жөніндегі кеңесі және басқа да көптеген
денсаулық сақтау ұйымдары қолдайды.
Сүт өнімдерін өндірушілердің халықаралық қауымдастығы,
2007 жылғы 27 қыркүйек.
2-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 1-ашық
тапсырмасы
Бөлім білім алушыдан Сүт өнімдерін
өндірушілердің халықаралық
қауымдастығы (IDFA) ұсынған ақпараттың мағынасын анықтауды талап ететін
тапсырмадан басталады (2-сурет). Білім алушы қауымдастықтың (IDFA):
«Денсаулық сақтау саласының көптеген мамандары және ұйымдары бұл
пікірмен келіседі. Сүт құрамында тоғыз маңызды қоректік заттардың толық
жиынтығы бар» деген және қауымдастықтың атап шыққан сүт құрамындағы
дәрумендері туралы ақпаратты түсінуі тиіс. Білім алушы дұрыс жауап нұсқасын
табу үшін, веб-бетте берілген мәтіннің мазмұны аясынан тысқары кетпеуі тиіс,
яғни дұрыс жауап (В)
«Сүт – бұл қажетті дәрумендер мен минералдар көзі».
Тапсырма номері
1
Оқырмандық дағды
Тура мағынаны
анықтау
Жауап формасы
Ұсынылған төрт жауаптан дұрысын таңдау (компьютермен
тексеріледі)
Болжамды деңгей
145
Сиыр сүті
№2 тапсырма
Сиыр сүті
Сұрақ 2/7
Оң жақтағы бағанда орналастырылған, «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері»
мәтініндегі ақпаратты қолданыңыз. Сұраққа жауап беру үшін қажетті жауап
нұсқасын белгілеңіз.
Мәтіннің негізгі мақсаты қандай?
○ Сүт өнімдері салмақ тастауға ықпал ететіндігін мәлімдеу.
○ «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін
басқа маркалардың сүт өнімдерімен салыстыру.
○ Адамдарды жүрек ауруымен байланысты қатер туралы хабардар ету.
○ «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының өнімдерін
пайдалануды қолдау.
3-сурет. «Сиыр сүті» 1-бөлімінің 2-ашық тапсырмасы
Тапсырма номері
2
Оқырмандық дағды
Мәтіннің мазмұны мен формасын түсіну
Жауап формасы
Ұсынылған төрт жауаптан дұрысын таңдау (компьютермен
тексеріледі)
Болжамды деңгей
2
Бұл тапсырмада білім алушы ұсынылған мәтіннің (веб-беттің) негізгі
мақсатын анықтауы тиіс (3-сурет). Бұл тапсырмада білім алушыдан мәтіннің
негізгі идеясын анықтау сұралмайтындығына назар аударыңыздар. Білім алушы
веб-беттегі ақпараттың мағынасын түсінуі, содан кейін оның не үшін
орналастырылғанын және жазылғанын талдауы,
сонымен қатар мәтіннің
мазмұны мен формасы туралы ойлануы тиіс.
Дұрыс жауап – (D) «Нарықтағы фермерлік сүт өнімдері» сауда
маркасының өнімдерін пайдалануды қолдау».
Сиыр сүті
Жағдайды өзгерту
Достарыңызбен бөлісу: