Білім беру бағдарламасы -5в011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқу түрі: күндізгі Барлық кредиттер: курс: Оқу семестрі: 2



бет26/58
Дата03.01.2022
өлшемі187.65 Kb.
#451306
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Фонология зерттеуі


Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:

  • Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.

Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.

  • Делимитативті (белгілеу) қызметі бойынша фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады.

Мысалы, қазақ тілінде сөз соңында ң, ғ, ә, о, ұ, ү фонемалары кездеспейді. Ал сөздің соңғы буындары екпінменерекшеленіп, созылыңқы айтылады.

  • Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тіліндекульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішкедыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.


Фонетика - (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,


себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет