Білім беру бағдарламасы -5в011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқу түрі: күндізгі Барлық кредиттер: курс: Оқу семестрі: 2



бет11/58
Дата03.01.2022
өлшемі187.65 Kb.
#451306
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Салғастырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әртүрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді.

Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе , дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше , дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді.Адамның бір секунд ішіндегі 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.

Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы , яғни қарқыны , неғұрлым көбейсе , дыбыс күші де соғұрлым күшеие береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын аңғаруға болады.

Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен , қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің тіл-тілдің ішінде динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы , атқаратын қызметі басым болады.

Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа қарағанда, екпінтүскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы , ашығырақ айтылады. Көптеген тілдерде , мысалы, қырғыз, ойрат, түрікмен, хақас, тува , неміс, ағылшын, француз тілдерінде екпін созылыңқы дауыстыға да, қысқа айтылатын дауыстыға да түсе береді.

Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс түрлерімен байланысты . Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тондардың қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды тон немесе обертон деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күшіжағынан негізгі тонмен арақатысына байланысты болады.

Дірілдің өзі түрліше болады дедік Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады. Егер дірілдің саны уақыт единицасының бойында өзгермей тұрақты болып қалса , ондай діріл ритмикалы діріл(немесе біркелкі діріл) деп аталады. Ал, егер уақыт единицасының бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалық емес діріл (немесе біркелкі емес діріл) деп аталады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон жасалып пайда болады. Бұған сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалы емес дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің , тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне-бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.   Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады.

Ауыз қуысында әр түрлі тәсілдер арқылы дауыстылардың әуені жасалады. Жұтқыншақ қуысы да белгілі дәрежеде резонаторлық қызмет атқарады., ауыз қуысымен бірге дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Мұнымен бірге , мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.

Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сөйлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сөйлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады.Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан . Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа , одан көмейге , көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы , не ауыз қуысы арқылы өтеді.

Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл ерекше қызмет атқарады.  Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да , үн шығады. Ал, егер дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, онда діріл пайда болмайды, сондықтан да үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс шымылдығының дірілінен пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет