Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.
Сипаттамалы фонетика (синхрониялық және статистикалық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Тілдік дамудың бүгінгі кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандық құрамын, олардың тіркесуін, буын, екпін мәселелерін, үндесу заңдылықтарын, орфография және орфоэпия мәселелерін анықтайды. .
Достарыңызбен бөлісу: |