Кадрлар қосу, редакциялау, өшіру және көшіру
Жаңа қабат жасау барысында әрбір қабат жеке кадрға орналасады. Қабат мазмұны көрініп тұрғанда кадр қосылу анықталады. Фильмнің ұзақтығы қандай да бір қабаттағы максимал кадрлардың санымен анықталады. Қабатқа кадр қосу жұмыс облысының мазмұнын ұзартады, кадрларды өшіру мазмұн көрініп тұрған уақытты қысқартады.
Қабатқа кадр қосу үшін Timeline панелінен кадрларды ерекшелеп Insert→Frame (F5) командасын орындаймыз.
Жұмыс облысына кез келген мазмұн (объект) қосқанда Flash ағымдағы кадрды кілттік кадрға түрлендіреді. Кадрларда оларға дейінгі кілттік кадрдың мазмұны көрсетіледі. Егер аралық бейнелер қосылмайтын болса, екі кілттік кадрдың арасындағы мазмұн статикалық болып қала береді.
Кілттік кадр қосу үшін Timeline-нан кадрды ерекшелеп Insert→Keyframe (F6) командасын орындау керек, қосылған кілттік кадр Timeline панелінде бос дөңгелекпен бейнеленеді.
Жұмыс барысында кадрлар мен кілттік кадрларды оңай өзгертуге болады. Кадрларды өзгерту үшін оларды ерекшелеп контексті менюден Remove Frame (кадрларды өшіру) командасын орындау керек. Кілттік кадрларды өшірмей, тек ондағы өзгерістерді алып тастау үшін, сол кадрды ерекшелеп, контексті менюден Clear Keyframe (кілттік кадрларды тазалау) командасын орындау керек.
Бір мезетте бірнеше кадрларды ерекшелеу үшін бірінші кадрда тышқанды шертіп, соңғысына дейін тарту керек. Кадрларды көшіруге және басқа жерге орналастыруға болады. Ол үшін қажетті кадрларды ерекшелеп, контексті менюден Copy Frames (кадрларды көшіру) командасын орындап, содан кейін уақыт шкаласында орналастыру керек. Кадрларды шертіп, контексті менюден Paste Frames (кадрларды қою) командасын орындау керек. Сонымен қатар бірнеше қабаттарда орналасқан кадрларды бір мезетте көшіріп басқа жерге орналастыруға болады, тек бірнеше қабаттан көшірілген кадрлар бірнеше қабаттарға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |